Қарасу ауданының орталығында спорт кешені салынып жатыр. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының  76%­і орындалған. Жоба құны 391 млн теңге.

Спорт кешенінде ішкі жөндеу және электр жарығына қатысты жұмыстар аяқталуға таяды. Қазіргі уақытта ірілі­ұсақты ішкі жұмыстары ғана қалып отыр. Аудан әкімі Қайрат Оспанов аталмыш нысанда болып, құрылыстың қарқынымен танысты.

­ Мердігермен бірге жүргізіліп жатқан жұмыстардың жай­күйін талқыладық. Нысанға желдеткіш, электр желілерін тарту жұмыстары жүруде. Құрылыс жоспарға сәйкес атқарылуда. Спорт кешенін мерзімінен кешіктірмей іске қосып, ауыл халқының игілігіне пайдалануға беруіміз керек, ­ деді аудан басшысы Қайрат Темірханұлы.

Аталған спорт кешені аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша салынуда. Нысан жобасының авторы «Виктория  2007» ЖШС. Мердігері «ЭксклюзивСтрой» ЖШС. Кешеннің жалпы аумағы 1 994,9 м2 құрайды.

Құрылысты биылғы жылдың тамыз айында аяқтау белгіленген болатын. Қазіргі таңда жоспарлы жұмыстар тиісті уақытында жүріп жатыр. Участок басшысы Тимур Жаңабаевтың айтуынша, мердігер ұйым құрылыс аумағына 117 қада қағып, екінші қабаттың плиталарын құйды. Қиыршық тас төсеп, ғимараттың еденін, терезелерін орнатты. Сондай­ақ жылыту және электр желілерін орнату жұмыстары жүруде. Аталған жұмыстар аяқталған соң спорт кешені салтанатты түрде ашылмақ.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Редактор

Recent Posts

Қарасу ауданының Октябрь ауылында жаңа банкомат орнатылды

Биылғы жаңа жыл қарсаңында Қарасу ауданында бірталай игі істер жүзеге асып үлгерді. (далее…)

24 часа ago

В истории деторождения Карасуского района открыта новая страница

Первая новорожденная года, который пройдёт под знаком Красной Огненной Лошади, появилась на свет 5 января.…

2 дня ago

Карасуское учреждение образования в непогоду приняло российских туристов

Последний буран застал тургруппу у села Октябрьское на трассе республиканского значения KAZ 23 «Костанай –…

5 дней ago

Имя карасуского врача вошло в почётный трудовой том страны

Достижения хирурга Карасуской районной больницы вписаны в Золотую книгу Казахстана. (далее…)

1 неделя ago

Карасуские стрелки примут участие в Чемпионате Республики Казахстан

В Костанае прошли состязания по пулевой стрельбе за кубок Костанайской области. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.