Қарасуда Марат Нұрғалиевты еске алуға арналған шайбалы хоккейден аудандық турнир болып өтті. Оған Қарасу, Ленин, Қарамырза және Новоселов ауыл, ауылдық округтерінің командалары қатысып, өзара бақ сынады.
Спорттық шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және шайбалы хоккейді дамыту.
Жарыс барысында әр команда өзінің ұйымшылдығы мен бірлігін паш етті.
Тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша Ленин ауылының хоккейшілері жеңіске жеттті. Екінші орынды Қарасу жастар командасы еншілесе, үшінші орынды Қарамырза және Новоселов ауылдарының біріккен командасы қанжығалады.
Қатысушылардың пікірінше, жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған, мұз жақсы, көрермендерге жақсы эмоциялар сыйлады.
Турнир соңында жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, грамота, кубок және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Турнирдің үздік ойыншылары да анықталып, марапатқа ие болды.
Қарасу ауданының спорт саласында елеулі еңбек етіп, өмірден озған Марат Қамзинұлы Нұрғалиевтың есімі көпшілікке жақсы таныс. Ол Қарасу өңірінде спорттың дамуына айрықша еңбек сіңіріп, сүбелі үлес қоса білді. Қажырлы еңбегімен, ұйымдастырушылық жігерімен, қайраткерлік қасиетімен оның есімі көпке белгілі еді. Бүгінде арамызда жоқ болса да, оның есімі ешқашан өшпейді, мәңгі жадымызда өмір сүреді.
Жаңабай АХМЕТОВ
Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)
Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…
Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)
Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)
Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)
В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)
This website uses cookies.