Өз ауылының көрікті болғанын қаламайтын жан жоқ шығар, сірә. Ауыл көркі көз тартып тұрса, оған не жетсін. Әрине, тұрып жатқан жеріміздің көрікті де әдемі болғанын бәріміз де қалаймыз. Өйткені жан-жағымыздың жарқырап, тап-таза болып тұрғаны кім-кімге болмасын көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтыны айдан анық.
Қарасуда көшелерді және қоғамдық орындарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл бағыттағы жұмыстардың ауқымы кең. Биыл аудан орталығын көркейті мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Айталық, Қарасудың қақ ортасында мемлекеттік қызметкерлер аллеясы ашылды. Құрылысы көктем мезгілінен бастап қолға алынған аллеяның құрылысы толық аяқталды.
А.Исаков көшесінің Школьный тұйық көшесімен қиылысқан жерінен бастап аудан әкімдігі ғимаратына дейінгі аумақты қамтып жатқан жаңа аллея аудан орталығына ерекше көрік беріп тұр.
Аллеяның аумағы шырша ағаштарына толы. Бірінші қатарға үлкен шырша ағаштары түптелсе, екінші қатарға шағын шырша ағаштары отырғызылды. Алыстан көз тартып тұрған жасыл шыршалар көздің жауын алады. Бұдан бөлек, адам жүруге арналған аумаққа заманауи түрлі түсті тас төсеніштер төселіп, гүлдер отырғызылып, көгал егілді.
Айта кетерлігі, аллея аумағындағы жұмыстарды «Натали» ЖК және «Ландшафт Строй» ЖШС атқарды.
Енді, міне, жаңа аллея елдің игілігіне қызмет етіп, ауыл тұрғындары мен қонақтарының демалатын орнына айналмақ.
Жаңабай АХМЕТОВ
Сурет автордікі
Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)
Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…
Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)
Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)
Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)
В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)
This website uses cookies.