Қарасу ауданында қоғамның әлжуаз топтарына мемлекет тарапынан коммуналдық қызметтері үшін 15 мың теңге төлеуге тұрғындардан өтініш қабалдап жатқанына бір айға жуық уақыт өтті.
Атап айтатын болсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың карантиннің әрекет ету кезеңінде тұрғындардың коммуналдық қызметтерге ақы төлеу мөлшерін төмендету жөнінде Үкіметке тапсырма берген болатын. Осы аралықта Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мұқтаж азаматтар үшін коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу тетігін әзірлеген болатын
Мемлекет ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айлары үшін коммуналдық қызметтерге ақы төлейді, сондықтан өтінім беруге асықпау қажет. Өйткені барлық өтініштер мамыр айын қоса алғандағы кезеңде қабылданады. Өтінімдер call-орталықтар мен ақпараттық жүйелер арқылы қабылданады. Тұрғындар тарапынан жергілікті әкімдіктерге тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін ұсыну қажет.
Шығындарды өтеу өз атына немесе оның отбасы мүшелеріне ресімделген жеке (абоненттік) шоты бар әрбір мұқтаж азаматқа 2 ай ішінде 15 мың теңгеден, келесі санаттағы азаматтар үшін жүзеге асырылады:
– 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
– Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
– Көп балалы отбасылар;
– Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
– Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
– Ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер
– Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.
“2020 жылғы 18 мамырдағы деректер бойынша аудандық ТКШ бөлімі ЗТМО және жұмыспен қамту бөлімінің ұсынылған тізімдерімен, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен салыстырып тексергеннен кейін 1746 өтінім қабылдап, өңделді. Соның ішінде аудан бойынша 1559 өтінім мақұлданды. Ал енді осы төлемдер тиеселі топтар бойынша тоқталар болсам, 1, 2, 3 топ мүгедектерден 397 өтініш қабылдады, оның 346 мақұлданды. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар 49 өтініш қабылдады, 44-іне төлем тағайындалды. Аудандағы көп балалы отбасылар 156 өтініш қабылдап, 149 төлем берілетін болды, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалардан 75 өтінім қабылдады, 73 мақұлданды.
Ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлерден 1045 өтініш қабылданды, 924-атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар 24 өтініш қабылданып, 23-і мақұлданды.
Жалып аудан бойынша коммуналдық бойынша шығындарды өтеуге өтінімдер.тұтынушылардан электр энергиясы бойынша қабылдануда»,- дейді «Қapacy ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Әділхан Ахмеров.
Сонмен қатар, өңделген өтінімдерді қарау және мақұлдау бойынша түпкілікті шешім аудандық ТКШ , жұмыспен қамту бөлімдері, МЗТО, “Нұр Отан” партиясының Қарасу филиалының, коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің өкілдері кіретін арнайы құрылған комиссияның отырысында қабылданатын болады.
Тұтынушыға егер коммуналдық қызметтерді төлеу туралы түбіртекте он бес мың теңгеден кем сома болса, коммуналдық қызмет көрсететін аудандық мекемелер төлемді келесі кезеңге есептеу жолымен қайта жүргізеді және тұтынушларға ол туралы хабардар етеді.
Мешіт Ғазизұлы
Свою карьеру он начинал именно в Карасуском районе (далее…)
В рамках государственной программы реализованы сразу несколько значимых проектов (далее…)
В регионе прошёл XXXVII областной фестиваль-конкурс народного творчества «Өнеріміз саған, Қазақстан!» (далее…)
Между райцентром и близлежащим селом опять ходит рейсовый автобус. (далее…)
Сельхозформирования Костанайского региона официально завершили уборку зерновых культур. (далее…)
В библиотечной гостиной прошла встреча ветеранов спорта и младой спортивной поросли. (далее…)
This website uses cookies.