Қыздар арасында ұйымдастырылған облыстық мектеп лигасында дарындылар көзге түсті
Қарасу ауданы орталыңында Қостанай облысының 9-11 сынып оқушы қыздар арасында футзалдан облыстық мектеп лигасының жарысы өтті.
Аталмыш байрақты бәсекеге көршілес жатқан Сарыкөл және Алтынсарин аудандарынан келген 5 команда қатысып, бақтарын сынады.
Осы орайда осынау ала доп додасының барлық санитарлық ережелерді сақтай отырып және Қостанай облысының бас санитарлық дәрігерінің рұқсатымен өткенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, жарысқа қатысатын әрбір команды өкілі мен жаттықтырушысында, ойынға қазылық төрешілерде ПЦР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтамалары болды.
Енді кіл мықтылар сынға түскен жарыстың қорытындысына тоқталсақ. 1 орынға «Сарыкөл ауданы білім бөлімінің Тагиль жалпы білім беретін мектебі» КММ командасы ие болса, 2 және 3 орындарды «Қарасу ауданы білім бөлімінің Ленин жалпы білім беретін мектебі» КММ мен «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Силантьев жалпы білім беретін мектебі» КММ арулары бөлісті.
Оның сыртында жарыс барысында өздерінің тамаша ойын өрнегімен көзге түскен үздік ойыншада назардан тыс қалмады.
Кез- келген сайыста өзінің өткір шабулымен командасына жеңіс сыйлаған Алтынсарин аудынынан келген Жанат Назарбаева турниердің «Үздік шабуылшы» атанды. Сарыкөлдіктердің тасқамал қорғанысын құра білген Дарья Шулека «Үздік қорғаушы» атанса, қақпасын талай мәрте голдан аман алып қалған қарасулық Анастасия Попова «Үздік қақпашы» ойынның үздік қақпашысы атанды.
Мешіт Ғазизұлы
Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)
Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…
Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)
Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)
Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)
В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)
This website uses cookies.