Қарасуда еркін күрестен облыстық турнир болып өтті

Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен 2005-2007 жастағы жасөспірімдер мен 2005-2007, 2003 жылғы және кіші жастағы қыздар арасында жаңажылдық ІV облыстық турнир болып өтті.

Жарысқа Жітіқара, Науырзым, Сарыкөл, Денисов, Қарасу аудандары және Қостанай қаласының палуандары қатысты.

Бозкілем үстінде белдескен палуандар бар шеберліктерін сынға салып, жеңісті қолдан бермеуге тырысып бақты. Тартысқа толы бәсекеде аудан намысын қорғаған палуандарымыз айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Атап айтсақ, 26 келі салмақта сынға түскен Данил Исюмбаев (Қарасу ауылы) бірінші орынды, ал үшінші орынды Валера Вахмянин (Қарасу ауылы) жеңіп алды. 29 келі салмақта Ярослав Тяка (Восток ауылы) жүлделі үшінші орынды, 38 келідегі Алмаз Кутубаев (Қарасу ауылы) екінші орынды еншіледі. 44 келі салмақтағы Нұржан Мейрамбек үшінші орынды иеленсе, 48 келідегі Аслан Жұмаділов (Қарасу ауылы) екінші орынға табан тіреді. 52 келідегі Бектемір Мұқанов (Қарасу ауылы) алтыннан алқа тақса, Даулеткали Бабенов (Восток ауылы) екінші орынды, Мадияр Жармағамбетов (Новопавлов ауылы) үшінші орынды еншіледі. 57 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Алдияр Таспаев (Қарасу ауылы) бірінші орынға, Алмаз Қотыров (Восток ауылы) үшінші орынға ие болды. +57 келідегі Санжар Қысабаев үшінші орынды иеленді.

Қыздар арасында 29 келі салмақта Танзила Ижаева (Павлов ауылы) мен Камила Чумаченко (Павлов ауылы) үшінші орынды місе тұтты. 33 келідегі Людмила Сайфулина (Қарасу ауылы) күміс жүлдегер атанды. 20 келі салмақта Камила Воробьева (Павлов ауылы) екінші орынды еншілесе, Даша Тютерева (Амангелді ауылы) мен Алина Шокурова (Павлов ауылы) қола жүлдені иемденді. 39 келіде Виктория Зонингрина (Восток ауылы) жеңімпаз атанса, Сабина Есенжолова (Восток ауылы) тұғырдың үшінші сатысынан көрінді. 50 келіде Нина Копачану (Восток ауылы) жеңіс тұғырынан көрінсе, Юля Булыгина (Қарасу ауылы) күміспен күптелді. 62 келіде Аида Жусупова (Восток ауылы) екінші орынды иемденсе, +62 келідегі Ксения Заворотная (Қарасу ауылы) бірінші орынға қол жеткізді.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы грамота, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

– Турнирдің ойдағыдай өтуіне зор үлес қосып, қаржылай демеушілік көмек көрсеткен шаруа қожалық басшысы Федор Талах және жеке кәсіпкер Болат Ерменовқа алғысымыз шексіз, – дейді Қарасу аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрестен бапкері Нұрсұлтан Баязитов.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суреттерді ұсынған Нұрсұлтан Баязитов

Редактор

Recent Posts

Карасуляне продолжают оказывать содействие нуждающимся в финансовой помощи семьям школьников

По информации районного отдела образования, на сегодняшний день более трёх сотен школьников удостоены внимания не…

2 дня ago

Карасуляне с большим избирательным стажем проявили активную гражданскую позицию

В числе избирателей, которые на протяжении не одного десятилетия реализуют своё право на выбор, житель…

6 дней ago

Карасуское сельхозпредприятие вышло на финишную уборочную прямую

В ТОО «Талды-К» хлебоуборочные работы проведены на 80% зерноугодий. (далее…)

1 неделя ago

На ремонт стелы и декоративную подсветку в Карасу выделят 9 млн тенге

UPD / Изменение:Редакция допустила неточность в описании локации объектов благоустройства и приносит свои извинения. Как…

1 неделя ago

В Карасуском районе идут работы по сносу заброшенных строений

Данное направление программы благоустройства реализуется во всех сельских округах Карасуского района, где имеются не используемые…

2 недели ago

This website uses cookies.