Қарасу тұрғындары ауқымды экологиялық бағдарламаға үн қосты

6-сәуірде облыс аумағында екі айға жалғасатын көктемгі санитарлық тазалау іс-шарасы ресми түрде бастау алды.

Оған Қарасу өлкесі де үлес қосып, аумақты абаттандыруға және көгалдандыруға белсене кірісті.

Аудан орталығында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы сенбілікке алғашқылардың бірі болып Қарасу ауыл шаруашылық колледжінің ұжымы қатысты. Оқытушылар құрамы мен студенттер бірлесе айналаны әп-сәтте мұнтаздай етті. Қыстан қалған қоқыс пен қураған жапырақтар, сынған тал шыбықтарды жиып,  қоршауларды әктеді. Сенбілік – жастардың таза ауада бір мезгіл сейіл құруына мүмкіндік сыйлады.

Оқу орнының аумағы өте кең. Соған қарамастан маңайын күтіп-ұстау жағынан колледж көпшілікке үлгі болып жүр. Педагогикалық ұжым жаппай сенбіліктерден тыс уақыттары да тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады.

«Тазалық – денсаулық кепілі, әсемдік көзі. Әрбір ағаш, әрбір гүл, әрбір бұлақ – біздің байлығымыз. Сондықтан табиғатты аялауды, қорғауды жадымыздан шығармау қажет.  Сенбілікке педагогтар жол бастап бәріміз қатыстық. Студент жастар үлгілі істің куәсі болды. Таза Қазақстанды қалыптастыру – әрқайсымыздың қолымызда. Баршаңызды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырамын»,- дейді Қарасу ауыл шаруашылық колледжінің директоры Мария Носаченко.

Қарасу ауданындағы санитарлық тазалау жұмыстары 3-сәуірден басталғанын еске саламыз. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауданға қарасты елді-мекендер экологиялық шараларға кезең-кезеңімен кірісуде.

«Таза Қазақстан» — қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және табиғатты таза ұстау мақсатында қолға алынған ауқымды республикалық экологиялық бағдарлама мен акция. Ол елді мекендерді көгалдандыру, қоқыстан тазарту және азаматтардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған. Бұл бастама ең алдымен жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру мақсатында қолға алынды»,-деп түсіндірді аудандық ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Қаппасов.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттер аудандық ТКШ бөліміне тиесілі

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

13 часов ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

16 часов ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

5 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

6 дней ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.