Қарасу саңлақтар мекеніне айланбақ

Ауданда облыста жоқ садақшыларды дайындайтын нысан ел игіліге берілді

Биыл Қарасу ауданында атқарлып жатқан ауқымды жобалар жеткілікті. Онндай игі бастамалардың шарапатын  аудан орталығымен  қатар шалғай ауылдардың тұрғындары да сезінуде. Солардың бірі  ретінде  аудан орталғындағы «Жеңіс» сатдионына қайдадан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп,  жаңдан бой көтерген спорт нысындарын айтуға болады.

Осынау қолға алынған ауқымды жұмыстардың арқасында Қарасу ауданында  алғаш облыс бойынша теңдесі жоқ алғаш рет  садақ ату спортына арналған арнайы алаң мен теннис корты , ашық аспан астындағы күштік спорт түрлерімен айналысатын спортшылар мен тұрғындарға арналған жаттығу алаңы бұл күнде қарасулықтардың ең көп баратын жерлеріне айналып үлгерді.

Қарасу аудандық әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Саутпаевтың айтуынша, жоғарда аталған жаңдан салынған алаңның арқасында  Қарасу тұрғындары  облыста  садақ ату сияқты олимпиадалық спорт түрін белсенді түрде насихаттайтын алғашқы аудан тұрғындары болмақ.

Жаңдан салынған садақшылардың жаттығу алаңының бой көтеруіне  тікелей мұрындық болған аудан әкімі Виктор Ионенконың қажырлы еңбегі екенін айта кеткен жөн. Ол жергілікті  спортшылардың бастамасына  қолдау білдіріп, алаңды салу мен қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға аудандық бюджеттен қаражат бөлген.

«Енді біз ешқайда жалтақтамай. Еш алаңсыз спортшыларымызды байрақты бәсекелерге сапалы дайындай аламыз. Біз Қазақстанда бұл спорт саласының жаңдан дамып келе жатқанын  көріп отырмыз.

Бір жағынан садақ ату біздің ата кәсібіміз екенін түсінуіміз керек. Оған дәлел кешегі өткен батырларымыз бен ел қорғаған сарбаздарымыз осы қарудың арқасында бізге осындай дарқан даланы аманаттап қалдырды. Қазақта құралайды көзге ататын небір мергендер болды ғой.

Біздің мақсат бейбіт заманда садақ атудан еліміздің құрама командасына кіруге мүмкіндік алу. Ол мезеге біз жетеміз. Неге тырыспасқа?», – дейді Мұрат Саутпаев.

Аталмыш садақ ату алаңының  ұзындығы 70, ені 12 метрді құрайды. Қазіргі таңда алаңның құрылысы толығымен аяқталды деуге болады. Жергілікті садақшыларды аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің  директоры Амангелді Ермағамбетовтың жеке өзі жаттықтырмақ.

«Менің қолма ұстап тұрғаным  спорттық жарыстарға арналған садақ. Түсіне білген адамға ол мерген мылтығы сияқты. Мұндағы оптикалық нысананың арқасында  көздегенің қараулыға дәл ілінеді.

Осы жылы біздің жас садақшыларымыз бірінші рет ҚР  чемпионатына қатысты, ол көктемде Теміртауда өткен болатын. Сол сәттен бастап тұрғындар арасында осы спрот түріне деген  қызығушылық артып отыр. Дайындық барысы мен байрақты бәскелерде үздік нәтижелерін көрсететін спортшы болашақта  секциядағы екінші жаттықтырушы болады», – дейді садақ ату спортының жаттықтырушысы Амангелді Ермағамбетов.

Сонымен қатар, ауданда тағы бір спорт түрі  үлкен теннисде дендеп көңіл бөліебек .  Оған дәлел аудан орталығында салынып жатқан жаңа теннис корттың құрылысы .

Оңың сыртында Қарасу ауданы орталығындағы «Жеңіс» стодионы толығымен қайта жаңарып, түрленіп , жаң кейіпке енген. Бір сөзбен айтқанда ауданда салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысам деген адамға бар жағдай жасалып отыр.

Мешіт Ғазизұлы

Суретте аудан орталығында жаңадан бой көтерген спарт нысандары

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

2 дня ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

3 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.