«Қарасу өңірі» газетінің тілшісі Марина Шарипова облыстық БАҚ өкілдері арасында өткен байқауда топ жарды

28 маусым күні бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Жыл сайын мереке қарсаңында Қостанай облысы әкімінің сыйлығымен өңірдегі үздік БАҚ қызметкерлерін марапаттау салтанаьты өтеді

Биыл коронавирус инфекциясының таралу қаупінің өршуіне байланысты, жылдағыдай журналистерді марапаттауға, құттықтауға арналған жиын өткен жоқ. Оның басты себебін облыстық ішікі саясат басқарма басшысы нақты түсіндіріп өтті.

«Жыл сайын кәсіби мереке – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнін мерекелеу қарсаңында облыстық Медиафорум және облыстық журналистер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілетін. Осы жылы да мұндай іс-шараны өткізу жоспарға алынған еді. Оны ұйымдастыруда «Қостанай-Медиа» ЖШС біздің серіктесіміз болды. Бірақ, өкінішке қарай, биыл коронавирус пандемиясы қалыптасқан бұл дәстүрлі үрдіске өз өзгерістерін енгізді. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан салтанатты рәсімді өткізбеу туралы шешім қабылданды», – деді Зәуре Байменова.

Облыстық журналистер байқауы ақпан айында жарияланған болатын. Онлайн режимде 80-нен астам өтінім қабылданып, құрамында журналистика ардагерлері, ғылым докторлары мен кандидаттары бар байқау комиссиясы үздіктерді ірікте жұмыстарын атқарыпты. Қазылар алқасының шешімі бойынша, облыстық журналистер сайысында түрлі номинация бойынша 11 жеңімпаз анықталды. Үздіктердің әрқайсысына 160 мың теңгеден сыйақы тағайындалған. Мұның сыртында, Бейімбет Майлин, Мұхамеджан Сералин, Нәзипа Құлжанова атындағы арнайы сыйлықтардың 3 иегері іріктелді. Бұл сыйлықтардың әрқайсысының сомасы – 100 мың теңгеден. Марапатталғандардың қатарында журналистиканы 8 ардагері бар, оларға Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамоталары табыс етілді.

Сонымен қатар, биыл коронавирус инфекциясы туралы күнделікті жағдайды өзекті етіп ұсынып, жедел түрде жариялап отырғаны үшін «Азаматтық журналист» арнайы сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылданған. Бұл аталымның жеңімпазы әлеуметтік желілер пайдаланушылары арасынан таңдалды.

Аталмыш байқауда оза шауып, жүлделі болғандардың қатарында «Қарасу өңірі» газетінің тілшісі Марина Шариповада бар.

Бұл байқауға Марина Васильевна осымен 3 рет қатысып, 2011 және 2015, 2020 жылдары 3 рет лауреат атанды.

Биыл тәжірибелі әріптесіміз Марина Васильевна «Ауыл-ел бесігі» номинациясында үздік деп танылды.

Жеңімпаз әріптесіміздің жүлдесін барлық сақтық шараларын сақтай отырып аудан әкімінің орынбасары Эльдар Мұханов табыс етті.

Марина Васильевнаны осынау атаулы байқаудағы жеңісімен және өткен кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Қаламы қарымды Маринадай әріптесіміздің әрбір мақаласын жерлестеріміз аса бір қызығушылықпен қабылдайды. Өйткені оның әрбір мақаласында біздің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын ғана емес, сонымен қатар туған өлкеміздің тарихы туралы қызық деректерді кездестіруге болады.

Осынау ақпарат майданындағы әріптесімізге алдағы уақытта шығармашылық шабыт, ізденіс, жаңа идеялар мен жобаларды табысты жүзеге асыру тілейміз!

Мешіт Ғазизұлы
Суретті түсірген аудандық ішкі саясат бөлімі

Редактор

Recent Posts

Карасуская команда спортсменов-тяжелоатлетов стала абсолютным чемпионом на международных соревнованиях

В Караганде прошел открытый чемпионат Азии по силовым видам спорта «Даланын Куаты-lV». (далее…)

6 дней ago

Карасуская школьница представит Костанайский регион в финале республиканского конкурса бизнес-проектов

В Костанае прошёл областной этап конкурса бизнес-проектов, организованный департаментом бизнес-образования QAZGUU SCHOOL. (далее…)

2 недели ago

Карасуляне присоединились к республиканской акции «Таза Қазақстан»

На территории Карасуского района старт экологического мероприятия был сдвинут на неделю. (далее…)

3 недели ago

Участок автодороги Карасу-Большая Чураковка по-прежнему закрыт

С 1 по 15 километр автомагистрали проезд для всех видов транспорта временно невозможен. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.