Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында жергілікті кәсіпкер туған өлкесіне көмегін беруде

«Железнодорожное – АМФ» ЖШС меморандум аясында 2026 жылы Железнодорожный ауылындағы Горький көшесін  өз қаражаты есебінен қалпына келтіруге кірісті.

Кәсіпкер осы жылдың мамыр айында көше бойына 7,5 млн теңгеге  еуро қоршау орнатты. Одан кейін, яғни, маусым-шілде айларында «ЭПК-форфайт» ЖШС-мен 15 тірек және 15 жарықтандыру шамын орнату жөнінде құны 7,0 млн теңгелік келісім-шарт жасапты. Қазіргі күні көшені жарықтандыру шаруасы 90%-ке орындалып, іске қосу және баптау шаралары жүргізілуде. Ұзындығы 700 метр болатын осы көшеге шілде және тамыз айларында асфальт төсеу жоспарланып отыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 35 миллион теңге.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асып жатқан жұмыстардың бір парасы осындай. Жергілікті ЖШС басшысы ауылдың бір көшесін қамқорлығына алып,  өз қаражаты есебінен жолын жөндеп, қоршауын орнатып, жарықтандырумен қамтамасыз етуде.

– Қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуде мемлекет пен жеке сектордың өзара серіктестігі тиімді құрал. Маңызды инфрақұрылымды жаңғырту арқылы ауыл халқының өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік аламыз,-деп хабарлады Октябрь ауылдық округінің әкімі Нұрсұлтан Қарашев.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті Октябрь ауылдық округінің әкімдігі жолдады

Редактор

Recent Posts

Карасуские лидеры школьного самоуправления заявляют о себе своими поступками

Прошёл очередной молодёжный форум «Жас көшбасшылар – заңды қоғамға!». (далее…)

5 дней ago

Национальная одежда помогает карасуским школьникам узнавать историю

Через символы орнамента происходит знакомство с народными традициями и ценностями. (далее…)

1 неделя ago

В Карасуском районе наградили авторов лучших работ конкурса видеороликов

В регионе состоялось награждение победителей и призёров состязательного проекта, посвящённого ценностям мира и межэтнического согласия.…

2 недели ago

В Карасуском районе выделили свыше 13 миллионов тенге на строительство учебно-тренировочной башни для спасателей

В селе Карасу появится специализированный спортивный объект для подготовки спасательных подразделений. (далее…)

2 недели ago

В карасуском селе заработало АМС

Конструкцию в Заре возвели почти 2 года назад. Почему жители села смогли воспользоваться ею только…

2 недели ago

История карасулянки, сохранившей семейное дело и верность родной земле

Сегодня в мире отмечают Международный день сельских женщин. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.