Қарасу ауданында су айдындарында қауіпсіздік күшейді

Қарасу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, полиция бөлімінің мамандарымен бірлесе рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.

2026 жылдың 1 маусымынан бері судағы қауіпсіздікті қадағалауға арналған 54 рейд өткізіпті. Мұндай бақылау келеңсіздіктің алдын алу үшін қажет.

-Шомылу маусымы басталғалы бері азаматтар көбірек шоғырланатын су айдындарын назарға алдық. Үздіксіз жүргізілген рейдтер нәтижесінде 287 адамға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, кең көлемді ақпараттандыру жұмысын өткіздік. Сондай-ақ  «Шомылуға тыйым салынады» деген 37ескертпе белгі орнатылды. Қауіпсіздік – баршаға ортақ міндет,-дейді Қарасу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Сұлтан Кадирбаев.

Қарасу ауданында шомылуға арналған ресми белгіленген орын жоқ екенін еске саламыз. Сондықтан қауіпке бас тігуден алшақ болған жөн. Қуанышқа орай, шомылу маусымы басталғалы бері ауданда бір де бір оқыс оқиға тіркелмепті. Алайда, төтеншеліктердің ескертпесіне құлақ аспайтындар жеткілікті көрінеді. Рейд кезінде тыйым салынған орындарда суға түсу фактілері мен кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өзен-көлдерге барғаны анықталған. Барлық бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

-Қарасу ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті тұрғындар мен қонақтарын судағы қауіпсіздік талаптарын назарға алуға шақырады. Арнайы жасақталмаған және ресми рұқсат етілмеген, тыйым салынған жерлерге суға түсуге болмайды. Балаларды үлкендерсіз су айдындарына жіберуге асықпаңыз. Алкогольді ішімдік тұтынып, мас күйінде суға шомылу – нағыз жауапсыздық. Қауіпсіздік ережелерін ұстану арқылы өз өміріңізді, денсаулығыңызды сақтай аласыз,-деді Қарасу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Сұлтан Кадирбаев.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті аудандық ТЖБ ұсынды

Редактор

Recent Posts

Карасуские лидеры школьного самоуправления заявляют о себе своими поступками

Прошёл очередной молодёжный форум «Жас көшбасшылар – заңды қоғамға!». (далее…)

5 дней ago

Национальная одежда помогает карасуским школьникам узнавать историю

Через символы орнамента происходит знакомство с народными традициями и ценностями. (далее…)

1 неделя ago

В Карасуском районе наградили авторов лучших работ конкурса видеороликов

В регионе состоялось награждение победителей и призёров состязательного проекта, посвящённого ценностям мира и межэтнического согласия.…

2 недели ago

В Карасуском районе выделили свыше 13 миллионов тенге на строительство учебно-тренировочной башни для спасателей

В селе Карасу появится специализированный спортивный объект для подготовки спасательных подразделений. (далее…)

2 недели ago

В карасуском селе заработало АМС

Конструкцию в Заре возвели почти 2 года назад. Почему жители села смогли воспользоваться ею только…

2 недели ago

История карасулянки, сохранившей семейное дело и верность родной земле

Сегодня в мире отмечают Международный день сельских женщин. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.