Қарасу ауданының Октябрь ауылында жаңа банкомат орнатылды

Биылғы жаңа жыл қарсаңында Қарасу ауданында бірталай игі істер жүзеге асып үлгерді.

Жақсы жаңалықтар легі әлі де толастар емес. Соның бір жарқын көрінісі ретінде Октябрь ауылында Halyk Bank банкоматы орнатылғанын қуана хабарлаймыз.

Октябрь ауылдық округі аудан орталығынан 110 шақырым жерде жатыр. Ол жақта жобамен 4100 адам тұрады. Көршілес  Шолақшы ауылында да бірталай тұрғын бар. Екі ауыл халқының қаржы операцияларын жасау мүмкіндігін жеңілдету мақсатында бұған дейін ForteBank және Банк ЦентрКредит банкоматтары орнатылған еді. Жуырда аталған банкоматтар қатарын Halyk Bank құрылғысы толықтырды.

– Бастамашыл топ келіп, банкомат қою туралы ұсыныс жасады. Нәтижесінде тиісті банкомат ауыл әкімдігінің ғимаратына орналастырылды. Ол жер мүгедектігі бар адамдардың кедергісіз қозғалысына сәйкес бейімделген. Бұған дейін Октябрь және Шолақшы, Айдарлы ауылдарының халқы зейнетақылары мен жалақыларын қолма-қол ақшаға шығарып алу үшін аудан орталығына қатынайтын. Үлкен кісілердің екі ортаға қатынай беру әсіресе қыс мезгілінде оңай емес. Тұрғындарға жайлылық сыйлау үшін банктер тарапының ұсынысын қабылдап, банкоматтарды орнату жұмысын қолдадық,-деді Октябрь ауылдық округінің әкімі Нұрсұлтан Қарашев.

Halyk Bank банкоматы орнатылғанымен, әзірге ресми түрде ашылуы өткен жоқ. Сол себепті оның техникалық мүмкіндігі туралы ақпарат қолымызға тимеді.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Сурет ауыл әкімдігінен алынды.

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

12 часов ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

14 часов ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

5 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

6 дней ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.