Қарасу ауданында жаңа әкім

Бұл қызметке бұған дейін Қостанай ауданын басқарған  Виктор Радченко тағайындалды

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Қарасу ауданының тізгінін Радченко Виктор Николаевич ұстады.  Оны аудан активіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов таныстырды.

Виктор Николаевич Радченко 1967 жылы 1 қарашада дүниеге келген. М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-техникалық университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Туған жері Украина мемлекеті Черниговский облысы Козацкий ауылы.  Ол еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қостанай ауданының әкімі болған.

Ал бұған дейін Қарасу ауданын басқарған Виктор Ионенко өңір басшысының өкімімен  облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.

«Қарасу ауданы – шаруашылығы мығым, облыста елеулі орны бар ірі аудандардың бірі. Бұған дейін осы ауданды басқарған Виктор Николаевич Ионенко қай салада болмасын ауданды жақсы жетістікке жеткізе білді. Іскер басшыны өздеріңіз білесіздер жақында облыс әкімі Архимед Бекежанұлы өзінің орынбасары етіп тағайындаған еді.

Осыған орай бүгін біз сіздердің алдарыңызға Қарасу ауданының әкіміне тағайындалған Радченко Виктор Николаевичті таныстырғалы келіп отырмыз. Жаңа аудан басшысының алдына облыс әкімі жаңа міндеттер мен тапсырмалар жүктеп отыр. Сізге  жаңа қызметіңізде табыс тілейміз», – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов аудан активінің алдында сөйлеген сөзінде.

Расында да Қарасуда соңғы жылдары Виктор Ионенконың келуімен талай игілікті істер жүзеге асты. Аудандағы елді мекендерге әр кіріп, халық ұзақ жыл күткен мемлекеттік тілде оқытатын орта мектептің құрылысы мен ауыз су мәселесі біртіндеп шешімін тапты. Көптеген әлеуметтік нысандар жаңартылып, білім беру ордалары мен әлеуметтік нысандардың тіршілігіне әр кірді.

Біз осы орайда жаңа қызметке тағайындалған Қарасудың бұрынғы әкімі Виктор Ионенко мен қазіргі әкімі Виктор  Радченкоға тағайындалған қызметтеріне сәттілік тілейміз.

Мешіт Ғазизұлы

Суретті түсірген: Валентина Орлова

Редактор

Recent Posts

Карасуские школьники провели новый сезон приключений и познаний

Палаточный стан «Экспедиция» стал ярким досуговым дополнением к уже действующим проектам на базе Железнодорожной школы.…

2 дня ago

Карасуский район стал средоточием для любителей шахматных поединков

Это знаменательное событие проведено по инициативе семьи Турсуновых, которые организовали шахматный турнир как дань памяти…

3 дня ago

Подведены итоги серии районных мероприятий, посвящённых Дню домбры

Напомним, уникальный культпроект стартовал 5 июня во всех городах и районах области. (далее…)

4 дня ago

Члены семьи Танкеновых из села Ленино называют себя командой

Участников республиканского проекта связывают не только родственные узы, но и общее увлечение. (далее…)

4 дня ago

В Карасуском районе ещё одним досуговым местом стало больше

В селе Павловское состоялось открытие спортивно-игровой площадки. (далее…)

5 дней ago

Сразу 6 подучётных Карасуского района попали под амнистию

В районной Службе пробации пояснили, что проведение уголовной и административной амнистии инициировано президентом страны в…

3 недели ago

This website uses cookies.