Биыл ауыл ішіндегі төрт көшенің жолы орташа жөнделетін болды. Оған облыстық бюджеттен 169 млн теңге бөлінген.
Октябрь ауылының әкімі Нұрсұлтан Қарашевтің айтуынша, жөндеу жұмыстары алдағы 1-маусымда басталады. Жоспарға сәйкес, Октябрь, Довгаля, Кирова және Баймағамбетов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
– Биылғы жылы ауылдың төрт көшесін орташа жөндеу үшін облыстық бюджеттен 169 млн теңге бөлінді. Аталған көшелер отыз жылға жуық жөндеу көрмеген. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды шаруаны қолға алдық. Мердігер ұйым 1-маусымнан бастап іске кірісіп, шілденің соңына дейін жұмысты аяқтайды. Белгіленген екі айдың ішінде бәрін тиянақтылауы тиіс. Көзделген қаржыға орташа жөндеу жасалып, техникалық бақылау жүргізіледі,-деді Октябрь селолық округінің әкімі Нұрсұлтан Сапашұлы.
Жоғарыда аталған төрт көшенің жалпы ұзындығы 2,5 шақырымды құрайды. Жобаның мердігері қостанайлық «Зозан-Строй» ЖШС. Жауапты ұйым қазірдің өзінде техникаларын сайлап, іске кірісуге дайын отыр. Жергілікті әкімдік жол инфрақұрылымын жақсартып, ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыруға баса мән береміз деп отыр.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Биылғы жаңа жыл қарсаңында Қарасу ауданында бірталай игі істер жүзеге асып үлгерді. (далее…)
Должность получил Пётр Павлина. (далее…)
Первая новорожденная года, который пройдёт под знаком Красной Огненной Лошади, появилась на свет 5 января.…
Последний буран застал тургруппу у села Октябрьское на трассе республиканского значения KAZ 23 «Костанай –…
Достижения хирурга Карасуской районной больницы вписаны в Золотую книгу Казахстана. (далее…)
В Костанае прошли состязания по пулевой стрельбе за кубок Костанайской области. (далее…)
This website uses cookies.