Қарасу ауданында ономастика мәселесі қаралды

Белгілі  саясаттанушы Досмахамбет Көшім Қарасу ауданына келіп, ономастика саласына енгізілген соңғы өзгерістер туралы түсіндірді

Былтыр ономастика жұмыстары республика бойынша уақытша тоқтатылды. Аталған саланы жетілдіріп, бірізділікке түсіру мақсатында тиісті заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілген. Бұл өзгерістерді көпшілікке түсіндіру үшін Қарасу ауданының орталығы мен Октябрь ауылында кездесу өтті. Басқосуға саясаткер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымының вице-президенті Досмахамбет  (Дос) Көшім, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, тіл жанашыры, «Құрмет» орденінің иегері Қалқаман Жақып, Қарасу аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Ғалия Әубәкірова қатысты.

Кездесуде белгілі болғандай, бұдан былай ауылдар, ауылдық округтер атауларын өзгерту мәселесі Республикалық ономастика комиссиясының келісімімен жүргізіледі. Облыс бойынша өзгертілетін атаулар жоспары міндетті түрде алдымен жоғары тұрған органдармен келісілуі қажет. Атау беру және қайта атау мәселесін біріздендіру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымдар», «Тарихи тұлғалар», «Дәстүрлі атаулар», «Жер-су атаулары» деген ресупблика бойынша тізімдер әзірленіп, бекітілген. Мемлекеттік органдар ономастикалық жұмыстарды жүргізу барысында осы аталған тізімдер мен әдістемелік ұсынымды қатаң басшылыққа алуы керек.

-Ауыл-аймақтардың тарихи тұрғыдан ескірген атауларын өзгерту мәселесіне мұқият қараған жөн. Халық арасында жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізіп, тұрғындардың пікірін ескеру маңызды. Ауданымызда бұл жұмыстың деңгейін көтеріп, маңыздылығына назар аудару мақсатында тұрғындар үшін түсіндіру жұмыстары күшейтілмек. Облыстық мәдениет басқармасы тарапынан аудандар мен қалалар әкімдіктеріне ономастикалық жұмысты жүргізуге әдістемелік көмек үшін елді мекендердің, көшелердің, нысандардың ескірген атауларын өзгертудің алгоритмі әзірленіп, аудандар мен қалаларға берілді,-деді Қарасу аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Ғалия Әубәкірова.

Егемендікке қол жеткізілген жылдан бастап осы күнге дейін жалпы облыс бойынша 14 аудан мен қаланың, 51 ауылдық округтің, кент пен ауылдың, 300 көшенің, 60 объектінің атауы өзгеріпті. Қазіргі таңда облысымыз бойынша 2024-2025 жылдары барлығы 34 көшенің атауын өзгерту жоспары мақұлданды. Ал елдімекендер мен әлеуметтік объектілерді қайта атау және атау беру жұмыстары әзірше тоқтап тұр.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Редактор

Recent Posts

Қарасу ауданының Октябрь ауылында жаңа банкомат орнатылды

Биылғы жаңа жыл қарсаңында Қарасу ауданында бірталай игі істер жүзеге асып үлгерді. (далее…)

14 часов ago

В истории деторождения Карасуского района открыта новая страница

Первая новорожденная года, который пройдёт под знаком Красной Огненной Лошади, появилась на свет 5 января.…

1 день ago

Карасуское учреждение образования в непогоду приняло российских туристов

Последний буран застал тургруппу у села Октябрьское на трассе республиканского значения KAZ 23 «Костанай –…

5 дней ago

Имя карасуского врача вошло в почётный трудовой том страны

Достижения хирурга Карасуской районной больницы вписаны в Золотую книгу Казахстана. (далее…)

1 неделя ago

Карасуские стрелки примут участие в Чемпионате Республики Казахстан

В Костанае прошли состязания по пулевой стрельбе за кубок Костанайской области. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.