Ісшара «Ана тілім ардағым» деп аталады. Онда қазақ тілін дамыту мақсатында жасалып жатқан жұмыстар сөз болды.
«Ана тілім ардағым» жобасы Қарасу аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттікәлеуметтік тапсырысы аясында биыл алғаш рет жүзеге асырылды. Тапсырысты орындаушы «Жастар-Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігі.
Форумға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының мамандары, облыс орталығынан келген бір топ делегат, Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері, ардагерлер мен кітапханашылар қатысты. Форумның бірінші бөлімінде мемлекеттік тіл саласының мамандарына арналған семинар болды. «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының басшысы Тоты Айтмағанбетова, Қостанай өңірлік университетінің филология және практикалық лингвистика кафедрасының доценті Гүлжанат Жүрсіналина, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының төрағасы Заңғар Санай, «Тілдарын» орталығының оқытушысы Базаркүл Ахметжанова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айгүл Тасболатова мінберге шығып сөз сөйлеп, ана тіліміздің қазіргі ахуалы төңірегінде әңгіме өрбітті.
Мұндай жоба Қарасу топырағында тұңғыш рет қолға алынып отыр Мақсатымыз ауданында мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, қазақ тілінде сөйлейтін өзге этнос өкілдерін үлгі ету. Биылғы жыл басталғалы бері аудан көлемінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында көптеген ісшаралар өткіздік. Оған аудан жастары, мекеме қызметкерлері белсенділік танытып, ұйымшылдықпен қатыса білді. Ана тілімізге деген құрмет бұдан әрі ұлғая беретініне сенім мол. Жыл бойы жүзеге асқан ісшаралардың қорытындысы ретінде осы форумды ұйымдастырып отырмыз,деді жоба жетекшісі Амангелді Ахметжанов.
Ісшараның екінші бөлімі, пленарлық отырысқа аудан әкімі Қайрат Оспанов қатысып, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосып жүрген бірқатар жерлестерімізді марапаттады. Ісшара мәдениет үйінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)
Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…
Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)
Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)
Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)
В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)
This website uses cookies.