Солардың бірі Октябрь селолық ауруханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Еркінбай Кутыбаев.
Ол мұнда «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламасымен Алматы қаласынан келген.
Жас маман еліміздің оңтүстік астанасы – Алматы қаласының тумасы. Оқу орнын жаңа бітірген болашақ дәрігер алғашқы еңбек жолын ауылдан бастауды жөн санайды. Сол уақытта ватсап қосымшасынан кездейсоқ Қостанай облысы туралы ақпарат көріп қалдық. Астықты аймаққа аңсары ауып, Қарасу ауданының Октябрь ауылдық ауруханасының бас дәрігерімен байланысқа шығады. Сөйлесіп, мән-жайды талқылаған соң ауылға келуге шешім қабылдады.
«Үшінші жыл қатарынан Октябрь селолық ауруханасында еңбек етуде. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен келдім. Себебі медицина саласында ауылда мол тәжірибе жинауға болады. Сол себепті мен еңбек жолымның алғашқы қадамын ауылдан бастағанды жөн көрдім. Алматыдан Қостанайға пойызбен келгендегі сәт әлі күнге көз алдымда. Оңтүстіктің баласы болған соң жылы жаққа үйренгенбіз. Ал мұнда күн суық. Мені болашақ әріптестерім күтіп алып, орналастырды. Тұрғын үй берді. Жергілікті әкімдік пен аурухана тарапынан қаржылай қолдаулар мен көтерме жәрдемақылар алдым»,-дейді ол.
Еркінбай Кутыбаев жалпы тәжірибелік дәрігер болып қызмет етуде. Ауыр жағдайдағы науқастар келсе қалаға хабарласып, әріптестерінің кеңесіне жүгінеді. Қажеттілік туындаса санитариялық авиация шақыртады. Ауыл халқы көбінесе қант диабеті, қан қысымы, жүрек ауруларымен келетін көрінеді.
«Октябрь ауылы ұнап қалды. Үлкен мегаполистен ауылға келгенде әрине айырмашылық бірден сезіледі. Десек те ауылдың өзіне тән аурасы бар. Мұнда адамдар мейірімді, айнала тыныш. Ұжым қолдауын аямайды. Осы ауылға келіп тамаша достар таптым. Үйленіп, отау құрдым. Келіншегім бала күтіміне байланысты демалыста. Маман ретінде қалыптасуыма, адам ретінде өсіп-өнуіме жағдай жасап отырған ауылға айтар алғысым шексіз»,-дейді жас маман.
Қазір ел бойынша медицина саласында кадр тапшылығы туралы жиі айтылады. Қай ауруханаға барсаңыз да жоғары білікті медицина маманының қажеттілігі сезіледі. Октябрь селолық ауруханасы да жас аммандарды қабылдауға ынталы.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Ежегодно проявившие себя на областных и республиканских состязаниях карасуские спортсмены получили дополнительную минуту славы за…
Подведены итоги сразу двух конкурсных мероприятий, организованных отделом культуры и развития языков совместно с ОФ…
Карасуляне стали участниками обучающих семинаров по вопросам межэтнического и межконфессионального согласия. (далее…)
Уровень профессионального общения у учительско-ученических коллективов Железнодорожной и Челгашинской школ – международный. (далее…)
Благодаря им в селе Павловское преобразился стадион. (далее…)
Қарасу ауданының тұрғыны Наталья Жаломская осыдан бірнеше жыл бұрын кішкентай қызы Екатеринаны жетектеп, қазақ мектебіне…
This website uses cookies.