Ресми дерек бойынша Қарасу ауданында 413 оқушы, 198 педагог Қостанай облысында жүзеге асып жатқан пилоттық жобаға қатысуға ниет білдіріпті.
Бүгінгі таңда олар тізімдегі кітаптарды жаттана оқып, әр кезеңнің тапсырмаларын таптұйнақтай орындауға талаптануда. Белсенді қатысушылардың бірі – Амангелді жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Диана Булдина.
– Мен үшін бұл жоба аудандық кезеңнен облыстық кезеңге өтуге тамаша мүмкіндік. Өзімнің мүмкіндігімді сынап көру мақсатында қатысуға бел байладым. Оған қоса үйренсем, білсем деген қызығушылық алға жетеледі. Бос уақытымда кітап оқығанды жақсы көремін. Жоба басталғалы бері «Белый клык», «Серый лютый», «Остров сокровищ», ««Приключения Тома Сойера», «Гарри Поттер и философский камень» көркем шығармаларын оқыдым. Ал қазір шытырман оқиғаға толы «Робинзон Крузо» романын оқып жатырмын. Жыл сайын «Гарри Поттер» фильмінің барлық бөлімін қайталап көретінмін. Ал енді сол туындыны кітаптан оқу сәті бұйырды. Кейіпкерлердің есімдері фильм мен кітапта басқаша айтылатынын білдім,-деді Диана.
Бүгінгі аға буын өкілдерінің көпшілігінің балалық шағы кітап жастанумен өтті. Сығырайған май шамның жарығымен бір күнде бір кітапты оқып шығатын алдыңғы толқын әлі де сол ұстанымнан тайған емес.
– Ес білгелі кітап оқимын. Қазақ, орыс, француз, ағылшын, неміс, жапон, ауғанстан халқының әртүрлі жазушыларының шығармаларын оқимын. Ертеректе ертегі, шытырман оқиғалы шығарма, детектив оқиғалары, әңгімелер, новелла, махаббат, психологиялық романдар, бәрін қатарынан оқи беретінмін. Қазір, көбінесе жексенбі күндері аудиокітап тыңдап жүрмін. Өте ыңғайлы әдіс. Үй шаруасын жасап жүріп, құлақ түресіз. Аудиокітаптың арқасында жапон жазушысы Харуки Мураками, ағылшын драматургі Сомерсет Моэм, Америкада тұратын ауған жазушысы Халед Хоссейни және тағы да басқа көптеген талантты жандардың шығармашылық әлеміне терең бойладым. Былтырдан бері «Кітап оқитын ұлт» атты тамаша жобаның басталғанын естіп жатырмыз. Мен оған қатысып жатқаным жоқ. Алайда, бастаманы бірауыздан қолдаймын. Ойлы ұрпақ қалыптастырамыз десек, кітап оқитын балаларды тәрбиелеуіміз керек,- деп өз ойын ортаға салды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лейла Оспанова.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттер кейіпкерлердің жеке мұрағатынан алынды.
21-қаңтар күні Қарасу ауданының орталығында кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы мүгедектігі бар…
Қарасулық ардагер-шахматшы Алмат Момбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жүлдесіне арналған шахмат турнирінің облыстық кезеңінде жеңіске…
ТОО «Железнодорожное-АМФ» и «Макс» являются лидерами в секторе предоставления жилья. (далее…)
Биылғы жаңа жыл қарсаңында Қарасу ауданында бірталай игі істер жүзеге асып үлгерді. (далее…)
Должность получил Пётр Павлина. (далее…)
Первая новорожденная года, который пройдёт под знаком Красной Огненной Лошади, появилась на свет 5 января.…
This website uses cookies.