Қарасу ауданында қандай мамандықтар сұранысқа ие?

21-қаңтар күні Қарасу ауданының орталығында кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы мүгедектігі бар азаматтарға басымдық беріліп, қолайлы жұмыс орындары ұсынылды.

Аудандық Мансап орталығы жұмыс іздеушілер үшін арнайы іс-шараны өткізуге бастамашы болды. Жұмыс берушілерді қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынуға, ал әлеуетті қызметкерлерді лайықты жұмыс іздеуге ынталандыру мақсатында өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, жұмыссыздар, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар шақырылды.

-Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің ең негізгі көздеген міндеті – жұмыс берушілер мен іздеушілер арасында белсенді және шынайы диалог қалыптастыру екенін түсінген жөн. Жеке әңгімелесу форматындағы кездесуде маңызды жағдайлар талқыланып, тараптар оң нәтижеге келеді. Сондықтан біз қос тараптың сұранысын ескеруге тырысамыз,-деді мекеме басшысы әрі аталған іс-шараның ұйымдастырушысы Людмила Руденко.

Жұмыс берушілер арасында – ауыл шаруашылығы, коммерциялық және техникалық ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер кезікті. Соның ішінде прокуратура органы, аудандық әкімдік бөлімдері және басқа да жекелеген ұйымдар. Шамамен 11 ұйым қатысқанын аңғардық.  Мәселен, ЖШС, ТКШ бөлімінде, сәулет бөлімінде, ветеринария, Қарасу ауылының әкімдігінде, білім бөлімінде, пансионатта, «Торговый дом» ЖШС-да,  «Гарант», “ASTANA GRAND TRADE” ЖШС және Қарасу аудандық электр станциясында бос лауазымдық орындардың бары белгілі болды. Сонымен қатар, мал дәрігері, агроном, мал шаруашылығы мамандары, механик, механизатор, көлік жүргізуші, дәнекерлеуші, электрик, медицина мамандары, педагогтар, банк қызметкерлері, экономист сияқты мамандықтар әлі күнге өзекті. Жергілікті сауда нүктелері мен қоғамдық тамақтану орындары кәсіби жұмысшыларды іздейді. Сатушы, аспаз, даяршы, бармен, ас үй жұмысшысы және фармацевттер артықтық етпейді. Өз ісіне тиянақты, жауапкершілігі зор адамға өңіріміздің жұмыс берушілері жоғары жалақы тағайындап, толық әлеуметтік пакетпен қамтып, тамаша еңбек жағдайын ұсынуға дайын.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттер аудандық Мансап орталығынан алынды.

Редактор

Recent Posts

Карасуские лидеры школьного самоуправления заявляют о себе своими поступками

Прошёл очередной молодёжный форум «Жас көшбасшылар – заңды қоғамға!». (далее…)

5 дней ago

Национальная одежда помогает карасуским школьникам узнавать историю

Через символы орнамента происходит знакомство с народными традициями и ценностями. (далее…)

1 неделя ago

В Карасуском районе наградили авторов лучших работ конкурса видеороликов

В регионе состоялось награждение победителей и призёров состязательного проекта, посвящённого ценностям мира и межэтнического согласия.…

2 недели ago

В Карасуском районе выделили свыше 13 миллионов тенге на строительство учебно-тренировочной башни для спасателей

В селе Карасу появится специализированный спортивный объект для подготовки спасательных подразделений. (далее…)

2 недели ago

В карасуском селе заработало АМС

Конструкцию в Заре возвели почти 2 года назад. Почему жители села смогли воспользоваться ею только…

2 недели ago

История карасулянки, сохранившей семейное дело и верность родной земле

Сегодня в мире отмечают Международный день сельских женщин. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.