Қарасу ауданына Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев келіп кетті

Комитет төрағасы Қарасуға Су ресурстары және ирригация министрінің арнайы тапсырмасымен келген.

Арсен Арманұлы Тобыл­Торғай су бассейні инспекциясының басшысымен бірге ауданда салынып жатқан су каналының құрылыс алаңында болып, жұмыстың барысымен танысты.

Құрылыс басында өткен жиында су бұру каналының құрылысына республикалық бюджеттен мақсатты трансферт бөлу мәселесі талқыланды.  Комитет төрағасы құрылысты одан әрі жалғастыру үшін нысаналы трансферт бөлуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша өз ұсынысын айтты.

Қарасу ауданында көктемгі тасқын кезінде жиналған алапат суды ауданға кіргізбей басқа арнаға бұру үшін арнайы канал салынып жатыр. Оның ені 40, тереңдігі 13 метр болмақ. Қазір мамандар екі учаскеде екі ауысым бойынша жұмыс істеуде. Мұнда жиырмадан астам түрлі техника жұмылдырылған. Тағы да онға жуық техника әкелу жоспарланып отыр.

Қарасу ауданын жан­жағынан бес көл қоршай орналасқан. Соның ең үлкені Қойбағар көлі биыл көктемде ернеуінен асты. Топан судың салдарынан Алабота, Түнгүгір, Биесойған, Жаншора көлдері қосылып кетті. Осылайша аудан маңы телегей­теңізге айналды. Қарасудан облыс орталығына қарай шыға берістегі 16 км күре жол су құрсауында қалды. Мұндай жағдай аудан тарихында бұрын соңды болмаған.

Аудан басшылығы тасқын сумен ала жаздай алысты.  Су өткізгіш құбырлар мен үш сорғы станциясын сатып алды. Жазғы жаңбыр жұмысты кешеуілдетіп, жоспарды толық орындауға сорғылардың да қауқары келмеді. Сондықтан суды басқа арнаға бұруға арналған канал салуға шешім қабылданған еді.

Қымбат ДОСЖАНОВА, Суреттер Тобыл­Торғай су бассейні инспекциясының әлеуметтік желісінен алынды.

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

13 часов ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

16 часов ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

5 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

6 дней ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.