Қарасу аудандық арнайы құрылған мониторингтік топ карантин ережелері мен азық-түліктік бағасын тексеруде

Еліміздегі қауіпті індеттің ондан әрі таралмауына тосқауыл қою мақсатында жергілікті жерлерде  ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр.

Атап айтар болсақ, жақында мемлекет басшысы  Қасым–Жомарт Тоқаев еліміде 2 айға жуық жарияланған төтенше жағдай тәртібін алып тастау жөнінде шешім қабылдады. Соның арқасында шаруалары індет салдарынан тұрып қалған біраз нысандар өз жұмысын бастады. Бірақ, аудандағы өз жұмысын қайта бастаған бизнес нысандары мен сауда-саттық орындары қатаң сақтық шараларын сақтау міндетті.

Осыған орай  құрамында «Нұр Отан» партиясының Қарасу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Мұқанов, аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен полиция бөлімінің өкілдерінен  құрылған арнайы  комессия белгіленген нысандарға мониторингі жүргізіп, жұмыс барысымен танысты.

Онда олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру, сондай-ақ Целинный ауылының дүкендерінде санитарлық нормалар мен талаптарды сақтау барысына бас назар аударды.
Тексеру жұмыстары барысында барлық жұмыс істеуге рұқсат етілген нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптар сақталынып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның айтарлықтай артуы байқалмады.

Арнайы құрылған комессияныңкелесі бақылауға алған жері Қарасу ауылының киім-кешек базарларында санитарлық нормалар мен талаптардың сақталуы болды.  Бұл жерлерде де карантин талаптарын бұзғандар байқалмады,

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында төтенше жағдай режимі тоқтатылғанмен, бірқатар шектеулердің алынбайтындығын, карантин талаптарының әлі де сақталатынын атап өтті. Бұл өте дұрыс шешім. Өйткені, коронавирус індеті біздің елімізде де толық жойылған жоқ, сондықтан пандемия халықтың денсаулығына әлі де болса қауіпті. Біздің өңірде де дерттің таралуы деңгейі бәсеңдемей отыр. Мемлекет басшысы карантин шектеулерін толық алып тастауға әзірге тиімсіз екендігін, ол өңірлердегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынатындығын айтты ғой. Сол себепті, бәріміз шыдамдылық танытып, карантин талаптарын қатаң сақтап, індетпен күні-түні күресіп жатқан дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне де қолдау білдірейік», – дейді Қарасу аудандық әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Альбина Тургумбаева.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.