Қарасу аудандық арнайы құрылған мониторингтік топ карантин ережелері мен азық-түліктік бағасын тексеруде

Еліміздегі қауіпті індеттің ондан әрі таралмауына тосқауыл қою мақсатында жергілікті жерлерде  ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр.

Атап айтар болсақ, жақында мемлекет басшысы  ҚасымЖомарт Тоқаев еліміде 2 айға жуық жарияланған төтенше жағдай тәртібін алып тастау жөнінде шешім қабылдады. Соның арқасында шаруалары індет салдарынан тұрып қалған біраз нысандар өз жұмысын бастады. Бірақ, аудандағы өз жұмысын қайта бастаған бизнес нысандары мен сауда-саттық орындары қатаң сақтық шараларын сақтау міндетті.

Осыған орай  құрамында «Нұр Отан» партиясының Қарасу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Мұқанов, аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен полиция бөлімінің өкілдерінен  құрылған арнайы  комессия белгіленген нысандарға мониторингі жүргізіп, жұмыс барысымен танысты.

Онда олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру, сондай-ақ Целинный ауылының дүкендерінде санитарлық нормалар мен талаптарды сақтау барысына бас назар аударды.
Тексеру жұмыстары барысында барлық жұмыс істеуге рұқсат етілген нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптар сақталынып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның айтарлықтай артуы байқалмады.

Арнайы құрылған комессияныңкелесі бақылауға алған жері Қарасу ауылының киім-кешек базарларында санитарлық нормалар мен талаптардың сақталуы болды.  Бұл жерлерде де карантин талаптарын бұзғандар байқалмады,

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында төтенше жағдай режимі тоқтатылғанмен, бірқатар шектеулердің алынбайтындығын, карантин талаптарының әлі де сақталатынын атап өтті. Бұл өте дұрыс шешім. Өйткені, коронавирус індеті біздің елімізде де толық жойылған жоқ, сондықтан пандемия халықтың денсаулығына әлі де болса қауіпті. Біздің өңірде де дерттің таралуы деңгейі бәсеңдемей отыр. Мемлекет басшысы карантин шектеулерін толық алып тастауға әзірге тиімсіз екендігін, ол өңірлердегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынатындығын айтты ғой. Сол себепті, бәріміз шыдамдылық танытып, карантин талаптарын қатаң сақтап, індетпен күні-түні күресіп жатқан дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне де қолдау білдірейік», – дейді Қарасу аудандық әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Альбина Тургумбаева.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

2 дня ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

3 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.