42500 теңге ала алмағандардың өтініші қайта қаралады

Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге жәрдемақыға қолы жетпеген азаматтардың бұл әлеуметтік төлемді алуға әлі де мүмкіндігі бар. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов осы патада мәлімдеген болатын.

«Төтенше жағдайдың тоқтатылуына байланысты 2020 жылдың 11 мамырынан бастап жаңа өтініштерді қабылдау аяқталды. Сонымен бірге, «42 500 теңге» төлемі тағайындалмаған жекелеген азаматтардың өтініштеріне байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұндай төлемдерді тағайындаудың іс-қимыл сызбасын әзірледі. Бұдан бұрын бас тарту туралы шешім қабылданған «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындау өтініштерін қайта қарау үшін, аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен бірге тиісті өтініш беру керек», — деді Ақмәди Сарбасов.

Аталмыш мәселе бойына Қарасу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алмагүл Ерменованың пікірін алған болатынбыз.

«Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін аудандық  штаб «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындауға құқығының бары немесе жоғы туралы қорытынды шығарады. Оң қорытындысы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бөлімшесіне беріледі. Ол «Өтініш берушінің электрондық іс макетін» қалыптастырады және деректерді МӘСҚ филиалына береді. МӘСҚ филиалы әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды

Аудандық  штабтың қорытындысымен немесе МӘСҚ филиалының шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші растайтын құжаттарымен аудандық штабтың жұмыс органы арқылы облыстық ( штабқа жүгінеді.

Содан кейін қайта қарау процедурасы қайталанады.

Осы орайда ерекше тоқтала кетер жайт,  карантин талаптарын ескере отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында өтініштер 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қаралатын болады», – дейді Алмагүл Көкенқызы.

Жалпы осы уақытқа дейін Қарасу ауданында 3 мыңнан астам тұрғын мемлекеттен берілетін жәрдемақыны алып үлгерді.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.