31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Сын сағатта туғанындай болып кеткен қарасулық үш отбасының тухымет  тарихы

«Халқым, елім, жерім, Атамекенім! Бірлігіміз білектің күшіндей еді ғой. Аш – жалаңаш қайда беттеп барамыз? Қара шаңырағым шайқалып, жерімізден қуылып қайдан, кімнен пана іздейміз? Күнім не болады, заманым не болады, ұрпағымның күні не болады? Қу құдай, Жаратқан ием, қолдай көр! Не жаздым бұл өмірде? Найзаның ұшында , қылыштың жүзінде жүріп, ата-бабаларымның қаны төгіліп, қорғаған жері еді ғой!» Дәл осындай зарлы үн XX ғасырдың басында қазақтың жерін жайлап еді.

Иә, қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада жойылып кету қаупі тұрған еді. Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысып «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады, сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық А. Байтұрсынов, М. Дулатов т.б. болды.
1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.
Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан.

Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген. Сол зобалаң жылдарында тағыр тақыметінің ауырпалыңын бастарынан өткізіп, озбырлықтың куәсі болған жандардың бірі – Қарасулық Ажабаевтар отбасы боллатын.

«Менің атам Қуандық Ажабаев қанды шайқастың солдаты болған жоқ, ол колхоз фермасында және далада өзінің ауыр еңбегімен көптен күткен Жеңіс күнін жақындатқан тыл солдаты болды.

Ал, оның екі інісінің біреуі 21 жасында, екіншісі 19 – жасында майдан даласында  қаза тапты. Соғыстың қайғылы беттерінің бірі менің атамның есімімен тікелей  байланысты. Атап айтар болсам,  Еділден немістердің күшпен көшіріліп,  1942 жылдың күзінде Қостанай облысына, Қарасу ауданына әкелінген неміс балалары. Сол кезде  неміс ұлтын ел арасында жау деп ант қабылдағанына қарамастан, көптеген қазақстандық отбасылар жоғары адамгершіліктің үлгісін көрсетіп, жетім қалған неміс балаларын қамқорлығына алды. Менің атам екі бала, інісі мен қарындасын үйге алып келді. Қыздың аты – Валя, ол 9 жаста, ал бала Саша, ол 5 жаста еді. Балалардың анасы еңбек армиясына алынып, әкесі жоқ екен.

Балалардың жағдайы өте ауыр болатын. Үсті-бастарын биіт басып, қотыр ауруымен ауырып келген. Әжем сол кездегі саясаттың ықпалынан қорықпай оларды ауруынан жазып қатарға қосыпты», – деп еске алады немересі Гүлнәр Ажабаева.

Міне қарап отырсаңыз бұл бір отбасында болып жатқан жағдай еді. Ал осы секілді ел аумағында қаншама отбасы жатсынбай жауының баласын бауырына басты. Өздері аш отырсада қолындағы бір үзім нанын бөліп беріп, ажалдан арашалып қалды.

« Әжем Торғын үйге келген немістің балаларының  шаштарын қырып, жуындырып, тамақтандырып,  жараларын маймен жағып емдепті. Ол кезде дәрі-дәрмек тапшы ғой. Балалардың дене жарқаттарына  жылқыға арналған мазды қолданыпты. Жайлы төсек пен жыл орынға келген балалар екі күн оянбастан ұйықтапты.

Көп ұзамай жол азабын тартқан балалар тез сауығып , қазақ тілінде лезде үйреніп алады. Үйдегі шаруашылыққа қолғанат болды. Атам мен әжемнің екі баласы менің әкем және екі жасар кішкентай қарындасы. Сонмен бір сәтте төрт балалы  болған атам  бел жазбай екбек етті. Жоғарыда аты аталған  Валя менің әкеммен құрдас болды. Ол  әкеммен бірге жергілікті мектептен білім алды.

Көп ұзамай атам Қуандық пен әжем Торғынның отбасы тағы толығады. Ресейден эвакуацияланған адамдар біздің ауданға жеткізілді. Атам панасыз қалған орыс әйелін 2 баласымен  үйге алып келеді. Баласы менің әкеммен және Валияқұрдас болып шықты. Кейіннен соғыс бітіп, балалар өскенде  сол орыс әйелінің кенже қызы Татьяна  Космачева мен оқыған мектептің директоры болыпты. 1946 жылы неміс балаларының анасы еңбек армиясынан оралды. Біраз уақыт, 1947 жылға дейін, бұл үш отбасы бір шаңырақ астында өмір сүрді. Олардың барлығы Қарасу ауданында тұруға шешім қабылдайды.  Себебі, қазақ жері олардың отаны болды. Өмірінің соңына дейін атам мен әжем бұл отбасылармен байланысын үзген жоқ. Өйткені олар өмір тақыметін бірге көрді. Оларды оғыс біріктірді» , -деп еске алады немересі Гүлнәр.

Мешіт Ғазизұлы

Суретте: Қуандық  және Торғын Ажабаевтар

Редактор

Recent Posts

Прославленный артист Абдибек Божаков отметил 70-летний юбилей

Свою карьеру он начинал именно в Карасуском районе (далее…)

4 дня ago

В Карасуском районе продолжается реализация программы «Ауыл – Ел Бесігі»

В рамках государственной программы реализованы сразу несколько значимых проектов (далее…)

1 неделя ago

Карасуские самодеятельные артисты продемонстрировали своё мастерство

В регионе прошёл XXXVII областной фестиваль-конкурс народного творчества «Өнеріміз саған, Қазақстан!» (далее…)

2 недели ago

Маршрут Карасу-Восток вновь стал действующим

Между райцентром и близлежащим селом опять ходит рейсовый автобус. (далее…)

2 недели ago

1/6 часть в областном зерновом каравае принадлежит карасуским аграриям

Сельхозформирования Костанайского региона официально завершили уборку зерновых культур. (далее…)

3 недели ago

Встречей-признательностью отметили День тренера карасуские спортсмены

В библиотечной гостиной прошла встреча ветеранов спорта и младой спортивной поросли. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.