1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Біз қазақ еліне мәңгілік қарыздармыз

Бірлік пен татулық орнаған Қарасу жері біздің отбасымыз үшін құт мекен дейді Закраил Медаров

«Бірлік болмай тірлік болмас»  деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.

Себебі Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстан кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес. Бұл ретте ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым – Қазақстан халықтар ассамблеясы да үлкен рөл атқарады. Еліміздің республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.

Солардың қатарында елімізге қоныс аударған шешен халқының қазақтарға алғысы шексіз. Соғыс жылдарында солақай саясаттың салдарынан елімізге сан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударылғаны белгілі.

Солардың жарты миллиондайы – шешендер мен ингуштар. Жүк пойыздарымен Кавказдың қиыр шетінен мыңдаған шақырымдарды артқа тастап Қазақстанға жеткенше көп азап көрген шешендер «егер жергілікті халық болмаса біздің тірі қалуымыз неғайбыл еді», – әлі күнге егіле еске алады.

Міне қазір Қарасу ауданының Павлов ауылының тұрғыны Закраил Медаровтың жанұясы кең дастарханның басында, үлкен шаңырақтың астында шат-шадыман өмір сүріп жатыр. Ал осыдан 77 жыл бұрын нақтырақ айтқанда 1943 жылдың ақ боран ақпанында бұлардың киерге киімі, ішерге асы болған жоқ еді. Закраил Джераповичтің ата-анасы мен барлық туған –туыстарын күштеп жүк пойызына отырғызып, 1 ай бойы азапқа толы жол жүріп келгенін Закраил Медаров еске алғанда жанарынан еріксіз жас домалайды.

«Меің туыстарымды  азап вогонына тиеп, қайда алып бара жатқандарында айтпаған. Енді сол адам отыруға келмейтін жүк вагондарына мал секілді тиегенде жол бойы қаншама адам шейт болды. Көбісі аштық пен суықтан, сосон қарапайым дәретхананың жоқтығынан жол бойында қуықтары жарылып өлгендері бар.  Ал өлген адамдардың мүрделерін сол кездегі жетдеттер жемтік секілді далаға лақтырып тастап отырған. Қаншама адам дұрыс ауруланбай ит-құсқұа жем болды.

Сол кезде бізді павлодарға алып келді. Егер жергілікті тұрғындар мейірімділік, қамқорлық танытпағанда, не боларымызды елестетудің өзі қиын. Жуындырып, шайындырып ас-ауқаттарын беріп, шамалары жеткенше көмектесті», -деп тебірене еске алады Закраил Медаров.

Алыс жолдан, азапты күндерден әбден қалжыраған Закраил Медаровтың атасы Қазақстанға жете алған жоқ. Жол ортасында жан тапсырды.

«Бұл ғана емес, әжемнің айтуы бойынша жол бойындағы олардың көрген  жан түршігерлік оқиғаларды есіме алсам әлі күнге дейін жүрегім аурады. Тіпті жүк пойызындағы туған туыстарымыз әр жерден түсіп қалып отырды. Олардың қайда қалғанын, қалай өмір сүріп жатқанынан әлі күнге хабарсызбыз

Қазақ халқының арқасында біздер аман-есен осы күнге жетіп отырмыз. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Сол кезде өздері де шалқып тасып өмір сүрмесе де, балаларының аузынан жырып бізге берді. Барынша бауырына басып мейірімділік танытты. Қазақ халқының бұл жақсылығын біз ешқашан ұмытпаймыз. Кейінгі ұрпақтарымызға да осыны жеткізіп отырамыз»,  – дейді Закраил Медаров.

Қазір Закраил Медаровтың төрт құбыласы тең. «Луиза» деп аталатын жеке шаруашылықтың басшысы. Бала-шағасы, немерелері қасында. Жеке кәсіптері де бар. Жеміс-жидек пен көкөніс өсіретін аумақтарынан бөлек, мал өсіріп жеке кәсіптің рахатын көріп отыр.

Қазақстан менің өз үйім, сондықтан ақтық демім үзілгенше, осы елге қызмет етемін дейді кейіпкеріміз.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Прославленный артист Абдибек Божаков отметил 70-летний юбилей

Свою карьеру он начинал именно в Карасуском районе (далее…)

5 дней ago

В Карасуском районе продолжается реализация программы «Ауыл – Ел Бесігі»

В рамках государственной программы реализованы сразу несколько значимых проектов (далее…)

1 неделя ago

Карасуские самодеятельные артисты продемонстрировали своё мастерство

В регионе прошёл XXXVII областной фестиваль-конкурс народного творчества «Өнеріміз саған, Қазақстан!» (далее…)

2 недели ago

Маршрут Карасу-Восток вновь стал действующим

Между райцентром и близлежащим селом опять ходит рейсовый автобус. (далее…)

3 недели ago

1/6 часть в областном зерновом каравае принадлежит карасуским аграриям

Сельхозформирования Костанайского региона официально завершили уборку зерновых культур. (далее…)

3 недели ago

Встречей-признательностью отметили День тренера карасуские спортсмены

В библиотечной гостиной прошла встреча ветеранов спорта и младой спортивной поросли. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.