Зілтеміршілер сайысы
Жерлестеріміз зілтемірді жатып сығымдап көтеруден өткен жарыстан табысты оралды
Жуырда Қостанай қаласында зілтемірді жатып сығымдап көтеруден облыс чемпионаты өткен болатын.
Спортшылардың шеберлігін арттыру және талантты спортшыларды анықтау мақсатын көздеген жарысқа біздің ауданның спортшылары да қатысып, айтарлықтай табысқа қол жеткізді.
Қыздар арасындағы сайыста Виктория Быстрякова мен Ангелина Денисова үшінші орынға жайғасты.
Юниорлар арасындағы жарыста Рустем Түзелбаев, Кирилл Янцен және Артем Воробьёв жеңіс тұғырынан көрінді. Ислам Алдамов екінші орынды иеленсе, Әлішер Ибраев төртінші орынды қанжығалады.
Ерлер арасында Шамиль Джабраилов күміс жүлдеге қол жеткізсе, Эдым Хамиев жүлделі үшінші орынды еншіледі. Юрий Швецов та қарсыластарынан басым түсіп, жеңіске жетті. Спортшыларымыздың бапкерлері – М. Ақпаленов, И. Кузьмич, Э. Хамиев.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль және мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Жаңабай АХМЕТОВ
Сурет әлеуметтік желіден алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31