Жылыту маусымы жіті назарда
26 қыркүйектен бастап әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады
«Қыстың қамын жаз ойла» дейді. Алдағы қысқа қапысыз қамдану керек. Жылу беру маусымы жайбарақаттықты көтермейді.
Қазір уақыт күттірмейтін мәселеге дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Ауа райының күрт құбылуына байланысты биылғы жылу маусымы жоспардан ертерек, яғни 26 қыркүйектен бастап аудандағы әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің берген мәліметі бойынша, аудан бойынша өндірістік және әлеуметтік нысандарға 2019-2020 жылғы жылыту маусымына 33,99 мың тонна көмір қажет.
Оның ішінде тұрғындардың қатты отынға деген қажеттілігі 19,0 мың тонна, 8,699 мың тонна бюджеттік мекемелерге, 5,7 мың тонна басқа да кәсіпорындарға қарастырылған.
Биыл әлеуметтік нысандардың алдағы жылу беру маусымына әзірлігі ерте көктемнен басталып кеткен болатын. Содан бері біршама жұмыс атқарылды.
Мәселен, бүгінгі күнге дейін ауданның білім беру ошақтарына 6 679 тонна көмір дайындалып, жұмыс 100 пайызға орындалды. Бұл мәлімет білім беру мекемелерінің қысқа дайын екендігін көрсетіп отыр.
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31