Жол азабын жүрген білер
Тұрғындарының талай жыл бас ауруына айналған 18 шақырымдықжол күрделі жөндеуден өтеді. «Жол-экономиканың күре тамыры» деген тәмсілді алып қарайтын болсақ, жолсыз ешбір шаруашылықтың өркендеуі мүмкін емес. Ал облыс орталығынан қашықта орналасқан аудандарда тұатын халықтың жүріп тұруы үшін жолдың түзу болуы тіпті маңызды.
Оқушы студенттердің келіп-кетуі, босанатын келіндер мен «басы ауырып балтыры сыздағандарды» ауруханаға дер кезінде жеткізу үшін жолың сайрап жатса тіптен жақсы емес пе? Сол себептен Қарасу ауданның инфрақұрылымын жақсарту мақсатында біршама елді-мекендердің жолдары мен ауылдарға кіре берістегі көпірлеріне уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізу маңызды шаруа.
«Жол азабын жүрген білер» дегендей әсіресе жауын-шашыны мен қарлы бораны түтеген қыс айларында ауылға көлікпен кіріп шығудың көрешегін көрген ауыл тұрғындарына жол мен көпір жөнделсе мәселенің оңтайлы шешімі табылғаны.
Осындай мақсатпен 2015 жылдан бастап қайта қалпына келтіріліп, күрделі жөндуден өтіп жатқан «Қарасу-Үлкен Чураковка- Қостанай» тас жолы құрылысының барысымен танысып қайттық. Аудан мен облыс орталығын жалғап жатқан күре жолдың былтыр жиырма бес шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда аудан орталығы Қарасу ауылынан шыға бере 1 шақырымнан 25 шақырымға дейін болатын.
Аталмыш бағыттағы жөндеу жұмыстары биылда жалғасын табуда. Біз барғанда жұмыс қызу жүріп жатыр екен. Жол құрылысын «Көкшетауавтожол» ЖШС шартқа отырып, қолға алған.
Осы орайда кезекті кезекті 18 шақырымдық жолды жаңарту жұмыстарының алғаш басталған сәтінде «Қapacy ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Әділхан Ахмеров осы арадан кездестіріп, әңгімелестік. Оның айтуына қарағанда, үстіміздегі жылы аталмыш бағыттағы жолдың 25 тен 43 – ші шақырым аралықтары жөнделмек. Оған ел қазынасынан 867 млн 717 мың 44 теңге жұмсалады.
Жол құрылыстары жоспар бойынша қазан айының аяғында аяқталып, қараша айында пайдалануға берілуі керек.
Ал, мердігердің айтуы бойынша, қазіргі таңда құрылыс материалдары мен жұмысшы күші жеткілікті, сондықтан берілген нысанды уақытында аяқтауға толық мүмкіндік бар. Бір айта кетерлігі, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына жергілікті жерден де тұрғындар жұмысқа алған екен. Бұл мердігердің халықты жұмыспен қамтуға қосқан тамшыдай болса да үлесі деп білуіміз керек.
Мешіт Ғазизұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31