Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы болып өтті
Аудан әкімі Виктор Радченко төрағалық еткен жиынға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Смағұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Жиынды ашқан аудан әкімі Виктор Радченко күн тәртібімен таныстырып, сөз кезегін аудан әкімі аппаратының басшысы Сағит Нүгірбековке берді. Ол Қарасу ауданының мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметтер көрсету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы баяндама оқыды.
Отырысқа қатысушылар күн тәртібіндегі мәселеге байланысты ұсыныстарын ортаға салып, пікір алмасты. Мәселен, Данияр Смағұлов баяндамашыға өз сұрақтарын қойып, түсініктеме беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мемлекеттік органдар мен ұйымдарды сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір алғышарттарының алдын алу құралы екенін қадап айтты.
Жиын соңында қаралған мәселелер бойынша қорытынды шығарылды.
Бұдан бөлек, Данияр Смағұлов Октябрь ауылдық округін де барып, онда «Oktabr-komek alany» фронт – кеңсесінің ашылуына қатысты. Сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31