
Жасөспірімдер мен қыздар арасында еркін күрестен аудандық турнир өтті
Қарасу ауылындағы «Колос» жаттықтыру залында еркін күрестен жасөспірімдер мен қыздар арасында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай аудандық тунир болып өтті
Жасөспірімдер арасында еркін күресті дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатын көздеген спорттық шараға Қарасу және Восток ауылының жас спортшылары қатысты.
Тартысқа толы бәсеке нәтижесінде Илья Недайборщ (20 кг), Михаил Зайцев (23 кг), Данил Исюмбаев (29 кг), Артем Масиенко (32 кг), Елхан Жаңатай (32 кг), Ярослав Тяка (35 кг), Ғизат Исмурзиев (38 кг) және Жаслан Байғазин (+38 кг) қарсыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы мадақтама қағаздарымен марапатталды.
-Біз бұндай турнирді ай сайын ұйымдастырып тұрамыз. Басты мақсаттарымыздың бірі – көп ішінен мықты балуандарды іріктеп, анықтап алу. Кейін оларды облыстық деңгейдегі және басқа да ірі жарыстарға алып баратын боламыз, – дейді аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрестен бапкері Нұрсұлтан Баязитов.
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31