Жаяу жүргіншілер жолы жаңартылмақ
815 шаршы метр аумаққа тротуар төселеді
Қарасу ауылын көріктендіру, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Соңғы екі-үш жылдың көлемінде аудан орталығындағы бірнеше көшенің жиегіне жаяу жүргіншілерге арналған тротуар жол салынып, халық игілігіне пайдалануға берілген болатын.
Сол игі іс биыл да жалғасын тауып, қазір ауылдағы басты көшелердің бірі А. Исаков және Школьный тұйық көшесіне жаяу жүргіншілер жолын төсеу жұмысы қолға алынды.
Школьный тұйық көшесінің басым бөлігіне тротуар жол төселген. Енді бұл көшенің Комсомол көшесімен түйісетін қиылысының сол жақ бетінен бастап, «Арнау» мейрамхана-қонақ үй кешеніне дейінгі аралыққа жаңа жаяу жүргінші жолы салынады. Бұдан бөлек, Школьный тұйық көшесі мен А. Исаков көшесі қиылысқан жерден бастап, оралық алаңға дейінгі аралықтың «Жеңіс» саябағы жағына да жүргіншілер жолы төселеді. Жалпы 815 шаршы метр тротуар төселмек.
Айта кетерлігі, жаяу жүргіншілер жолы құрылысына «Натали» ЖК жауапты. Бұл іске бөлiнген қаржы соммасы – 7406252 теңге.
Жаңабай АХМЕТОВ
Сурет автордікі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31