Жаңа шамдар орнатылды
Көшелерге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді
Ауыл – елдің алтын қазығы. «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз» дейді. Бүгінде ауылдық жерлерді көркейтуге мемлекет үлкен мән беріп отыр. Ауылдың жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарламалар да өз жемісін беруде.
Қарасу ауылы да жыл өткен сайын гүлденіп келеді. Бұл бағытта қолға алынып, жүзеге асқан жұмыстар аз емес. Мәселен, Қарасуда көшелерді жарықтандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қойбағар-Қарасу-Севастополь тасжолы, аудан орталығындағы Рамазанов және Анищенко көшелеріне ішінара жаңа жарық шамдары орнатылды. Барлығы 126 шам орнатылды. Қамтылған электр желісінің ұзындығы – 5650 метр. Ескі шамдардың қуаты 250 Вт болса, жаңа шам 120 Вт. Бұл – электр қуатын үнемдеудің бір жолы. Сонымен қатар, жаңа шамның жарық шағаруы 11400 лм құрайды. Бұл көрсеткіш ескісімен салыстырғанда жоғары.
Жарықтандыру жұмыстарына 7 500 000 теңге қаржы бөлінді. Мердігер мекеме – «Адал-И» ЖШС.
Жаңабай АХМЕТОВ
Сурет автордікі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31