Қысқы спортты дамытуға көңіл бөлінуде
Жылдың төрт мезгілі бар десек, әр мезгілдің өзіне тән сейіл-серуені бар. Мәселен, қыс маусымын алар болсақ, бұл мезгілде шаңғы, коньки тебуге дайын тұрамыз
Соңғы жылдары өңірде қысқы спортты дамытуға жете көңіл бөлінуде. Айталық, осыдан бірнеше жыл бұрын аудан орталығында «Қарасу арена» хоккей корты ашылып, жер-жерлерде хоккей ойнауға арналған қорабтар салынып жатыр. Шаңғы спорты да қарқынды дамып келеді. Октябрь ауылында шаңғы тебуге қызығушылардың қатары көп. Әсіресе, жасөспірімдер осы спорт түріне мықтап тұрып ден қойған.
-Ауылда шаңғы тебушілерге жағдай жасалып жатыр. Жергілікті стадион базасы жаңа шаңғылармен толықты. Қазір мұнда 20 шаңғы бар. Шаңғы тебуге ниет білдірушілерге жалға береміз. Өзен бойымен жүретін 3, 6, 12 шақырымдық шаңғы жолдары бар. Біздің басты мақсатымыз – халықтың қысқы спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау және шаңғы спортын дамыту, – дейді дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Тұрсынғали Мұхаметжанов.
Шаңғы тепкенде қол – аяғын бірдей қозғалып, бұлшық еттерін шынығады. Тыныс алуын кеңейіп, бойында сергектік пайда болады. Әрине, мұның бәрі адам денсаулығына өте пайдалы. Сондықтан қысқы спорт түрлерін дамыта беруіміз керек.
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31