Татулық пен келісім – басты байлық
Кітапханадағы дөңгелек үстел рухани келісім күніне арналды
18 қазан — Рухани келісім күні. Бұл айтулы дата 1992 жылдың 18-қазанында Алматыда Елбасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіләлімдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталады.
Содан бері бұл мереке республикалық дәрежеде жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтіп, өзінің жемісін беріп келеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Толеранттық – біздің жанымыздағы диалогқа дайындық. Біздің қалаларымыздағы мешіттердің, проваславия храмдарының, костельдің және синагоганың бір-бірімен қатар тұруы жеріміздің бейбітшілігі мен келісімінің айқын көрінісі», – деп атап көрсеткен болатын. Әрине, өзара тығыз рухани әрекеттестік Қазақстан халықтарының мәдениетін толықтырып, байыта түсуімен қатар, олардың береке – бірлігін арттыра түсетіні кәміл.
Аудандық орталықтандырылған кітапханада рухани келісім күніне орай «Рухани келісім – бейбітшілік пен түсіністікке бастар жол» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді.
Оған Қарасу орта мектебінің 10-сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында қатысушылар «Діни сенім-наным еркіндігі және діни бірлестіктер туралы» заң, осыдан бірер жыл бұрын Елордада өткен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі және Қазақстан халқы ассамблеясы туралы мол мағлұматтармен танысты.
Тарих пәнінің мұғалімі Гүлзат Жантағұлова көпұлтты еліміздегі ұлттар арасындағы татулық пен халықтар арасындағы достық жайында айтып өтті.
«Рухани келісім – бұл халықтың бірлігі жолында» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Тарихы тереңнен өрілген қазақ жерінде сан-алуан ұлт өкілдері қоныстанған. Осы ұлттардың ауызбіршілігі артып, ынтымағымыз жараса берсін!
Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын түрлі ұлт өкілдерінің конфессияаралық және мәдени келісімін, достық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған жүйелі саясатымыз халықаралық қауымдастықта ерекше құрметке ие бола берсін!
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31