Тартысқа толы спартакиада
Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жеріне кіргеніне 40 жыл толуы және интернационалдық борышын өтеу кезінде қаза тапқан қарасулық жауынгерлерді еске алуға арналған 45 жас және одан жоғары жастағы спортшылар арасында аудандық спартакиада болып өтті.
Жарысқа ауыл, ауылдық округтердің құрама командалары ауданның Солтүстігі және Оңтүстігі болып бөлініп, өзара бақ сынады.
Спартакиада басталмас бұрын жиналғандар Жеңіс саябағында Ауған соғысы ардагерлері ескерткішіне гүл шоғын қойды.
Спартакиаданың ашылу салтанатында Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қарасу ауданы партиялық ұяшығының хатшысы Асқар Лашенов, қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Файзулла Серипов, Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы, жауынгер-интернационалист Валерий Даньков және дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Саутпаев, құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы спортшыларға жақсы көңіл-күй және жеңіс тіледі.
“Аталмыш жарыс Қарасу ауданында алғаш рет өтуде. Оны аудандық әкімдік пен азақстан Коммунистік Халық партиясының Қарасу ауданы партиялық ұяшығы ұйымдастырып отыр. Менің ойымша бұл жарыс енді жыл сайын дәстүрлі бәсекеге айналмақ. Онын желтоқсан айы сайын өткізетін боламыз. Себебі, жарыстың басты ерекшелігі жеңімпазға берілетін кубок көшпелі болмақ. Алғашқы спартакиадаға қатысушылар Қарасу ауданының оңтүстігі мен солтүстігі болып жарысқа түсуде”, – дейді Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қарасу ауданы партиялық ұяшығының хатшысы Асқар Лашенов.
Спартакиада бағдарламасына спорттық сайыстардың мына түрлері кірді: шағын футбол, волейбол, шахмат, дартс, қол күрес, арқан тарту, гір көтеру, үстел теннисі.
Спорттық шараның мақсаты – бұқаралық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқараны жүйелі түрде спортқа және дене шынықтыруға тарту.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31