Төтенше жағдайлар бөлімі мен жастар ресурстық орталығы меморандумға қол қойды
Ерікті болу – ерлікпен тең. Азаматтық қоғамның өсіп-өркендеуіне игі септігін тигізетін күштің бірі – еріктілер
Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. 2020 жылды Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еріктілер жылы (волонтерлер жылы) деп жариялған болатын. Осылайша өткен жыл еліміздің тарихында ерекше жылнамамен тіркелді.
Жуырда төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында азаматтық қоғамды тарту және қатыстыру мақсатында төтенше жағдайлар бөлімі мен жастар ресурстық орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ортақ мақсатты көздеген төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Александр Бабенко мен жастар ресурстық орталығының директоры Руслан Умаров өңірде төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған бірлескен ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық-түсіндіру және ғылыми-білім беру қызметін жүзеге асыру мәселелері бойынша ынтымақтастықты арттыру бойынша келіссөздер жүргізді.
Өз кезегінде бөлім қызметкерлері азаматтарды шетте қалмауға және төтенше жағдайларға жол бермеу бойынша волонтерлік қозғалысқа белсенді қатысуға сөзбен ғана емес, іспен де шақырады!
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31