Тұрғындар мемлекет тарапынан қолдауға ие болуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған үндеуінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы төленетінін мәлімдеген болатын. Бүгінде Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ие болып, жәрдемақыға қол жеткізгендер қатары баршылық. Осы ретте, қарапайым халықты сөзге тартқан едік.

Серік Диханбаев:

– Коронавирус дерті әлемді тез шарпып, бүгінде қауіпті індетке айналып отырғаны баршамызға аян. Осы қатерлі вируске қарсы сақтық шаралары күшейтілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде төтенше жағдай режимі енгізілгелі біршама уақыт өтті. «Сақтықта қорлық жоқ» дейді. Әрине, басты мақсат – жұқпалы індеттің алдын алып, халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау. Осындай қиын кезеңде үкіметіміз халықты әлеуметтік жағынан да қолдауды назардан тыс қалдырған жоқ. Елдегі төтенше жағдай салдарынан көптеген азаматтар уақытша немесе мүлде жұмыссыз қалғаны айтпасада түсінікті. Осыған байланысты мемлекет тарапынан азаматтарға 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы төленетін болды. Мен осы жәрдемақыға қол жеткіздім. Бұл қаржы отбасымызға біршама көмек болды. Мемлекеттің көмегіне дән ризамыз, алғысымды білдіремін. Алда жақсы күндерге жетейік. Келешегімізді ойлар болсақ, төтенше жағдай талаптарына бағынып, қатерлі дертпен ел болып күресейік!

Қойшыбай Умаров:

– Бүгінгі күннің басты тақырыбы коронавирус дерті болып отыр. Бұл жұқпалы індет аз уақыттың ішінде бүкіл әлемге тарап кетті. Өлімге әкеліп соқтыратын аса қауіпті вирустың алдын алу үшін мемлекет тарапынан дер кезінде тиісті шаралар қабылданды. Коронавируске байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланды. Осындай қысыл-таяң уақытта Үкімет халықтың қамын ескерусіз қалдырған жоқ. Айталық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеуінде елдегі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтар 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алатынын мәлімдеді. Бұл дер кезінде қолға алынған бастама. Қазір қалың жұртшылық осы жәрдемақыны алып, игілігіне жаратып жатыр. Ең бастысы, мемлекет қарапайым халыққа қолдау-көмек көрсетуде. Мен де 42 500 теңгеге қол жеткізгендердің қатарынанмын. Үкіметтен көрсетілген көмекке дән ризамын. Берілген сумма көп болмаса да, барға қанағат. Бастысы – еліміз тыныш, жұртымыз аман, еліміз бірлік пен ынтымақта болсын!

Дайындаған Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Карасуское учреждение культуры продолжило серию познавательных викторин «Поле чудес»

Игру «Мой Казахстан – моя земля» посвятили предстоящему государственному празднику – Дню Республики Казахстан. (далее…)

4 дня ago

Представитель Карасуского района побывала на ХІІ Гражданском форуме Казахстана

В Астане для участия в масштабном мероприятии собралось более 700 делегатов, которые представляли каждый регион…

5 дней ago

Карасуский район посетили члены мобильной общественной приёмной партии AMANAT

Такие выездные встречи помогают решать проблемы жителей отдалённых населённых пунктов. (далее…)

5 дней ago

Карасуляне стали участниками диалоговой встречи с главой региона

Сегодня Карасуский район с рабочим визитом посетил аким Костанайской области Кумар Аксакалов. (далее…)

1 неделя ago

В карасуском сельхозхолдинге продолжается успешная реализация благоустроительной программы

Главное, на что нацелена деятельность компании «Astana Grand Trade», помимо работы в основном АПК-направлении, это…

1 неделя ago

«Золотой голубь-2025» «приземлился» на карасуской земле

По случаю Всемирного дня почты ежегодную ведомственную конкурсную награду получила представительница Карасуского почтового отделения. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.