Ауданда бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, өңірде бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды жүйелі түрде спортқа тарту мақсатында түрлі спорттық шаралар өткізілуде
Қарасуда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ерлер арасында стритболдан аудандық турнир болып өтті.
Спорттық шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттай отырып, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру және ауданымызда стритболды дамыту.
Турнирге ауданның ауыл, ауылдық округтерінен келген командалар қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Турнир тарысты өтті. Командалар айналмалы жүйе бойынша сынға түсті. Барлық командалар дайындықтарының жоғары деңгейде екенін дәлелдеп, жеңіске деген құлшыныстарын көрсетті. Жалпы басқа командаларға қарағанда, мысы басым болған Новопавлов ауылы және Қарасу, Октябрь ауылдық округтерінің командалары жүлделі орындарды өзара сарапқа салды.
Финалдық ойындарда қарсыластарынан басым түскен Новопавлов ауылының командасы жеңімпазы атанса, екінші орынды қарасулықтар иеленді. Үздік үштіктен октябрьлықтар көрінді.
Жеңімпаз және жүлдегерлер тиісті деңгейдегі мадақтама грамотасы, медаль және кубоктармен марапатталды.
Жаңабай АХМЕТОВ
Сурет әлеуметтік желіден алынды
Прошёл очередной молодёжный форум «Жас көшбасшылар – заңды қоғамға!». (далее…)
Через символы орнамента происходит знакомство с народными традициями и ценностями. (далее…)
В регионе состоялось награждение победителей и призёров состязательного проекта, посвящённого ценностям мира и межэтнического согласия.…
В селе Карасу появится специализированный спортивный объект для подготовки спасательных подразделений. (далее…)
Конструкцию в Заре возвели почти 2 года назад. Почему жители села смогли воспользоваться ею только…
Сегодня в мире отмечают Международный день сельских женщин. (далее…)
This website uses cookies.