Әскери тәртіп және індет
Коронавирус пандемиясының бедел алуына байланысты, түрлі мамандықтағы қызметтерге өзіндік әсер беріп жатырғаны белгілі. Көптеген жұмыс орындарының қашықтыққа көшуіне орай, беделді деген ұжымдардың жағдайының тұралап қалғанын да бұқаралық-ақпарат құралдарынан естіп, біліп жүрміз
Осыншама қарқынмен жер бетіне тез тарап, әр көңілге үрей туғыза уысында ұстаған жаман ауру кезінде шекара сақшыларының жауынгерлік қызметіне қалай әсер етті? Міне, осындай сұраққа бүгінгі мақаламызда жауап іздегенбіз…
«Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп, Бауыржан атамыз айтқандай, әскердің жаны қашан да – әскери тәртіп. Жаман аурудың өршіп тұрған кезіндегі әскери қызметшілеріміздің әскери тәртібі қандай жағдайда байқалғаны туралы сұрақты құзырлы органдардың лауазымды тұлғаларың біріне қойған болатынбыз.
ҚР Әскери полиция департаментінің 13 бөлімінің (Қостанай қаласы бойынша) бастығы подполковник Қайрат Каирханов:
Өздеріңізге белгілі, 2020 жылдың наурыз айының ортасынан бастап Қазақстан Республикасында «COVID-19» короновирус пандемиясына байланысты бірқатар қатаң карантиндік режимі енгізілген болатын.
Өз кезегінде, Мемлекет Басшысы, сондай-ақ еліміздің санитарлық дәрігерлерімен қарантиндік режімді сақтауға бағытталған шешімдері Қазақстан Республикасы қоғамның барлық салаларына өз әсерін тигізді.
Соның ішінде, еліміздің азаматтарының бұрыңғыдай еркін жүріп-тұруына шектеу қойылды. Карантиндік режимнің талабының сақталуын қамтамасыз ету Ішкі істер министірлігі мен Қорғаныс күштеріне жүктелді. Ал Шекара қызметіне осы іс-шараларды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарада қамтамасыз ету жұмысы жүктелген болатын.
Осындай жағдайларға қарамастан, ҰҚК Әскери полиция органдары да күнделікті қызметтік міндеттерін іске асыру шеңберінде, өздерінің іс-қимылдарын қайта қарастырып, жаңа форматта Қостанай облысы бойынша Департаменті басшылығымен бірлесе отырып пандемия кезінде әскери ортада кез келген заң бұзушылыққа, тіпті ұсақ құқықбұзушылықтарды болдырмауға бағытталған алдын-алу іс-шаралары барлық санитарлық нормаларға сәйкес белсенді түрде өз жұмыстарын жалғастырды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, пандемия кезінде Қостанай гарнизонындағы Шекара қызметі әскери құрылымдарының криминогендік ахуалдың өршуіне жол берілмеді. Бұл ретте осындай бірлескен іс-шаралар бұдан әрі де жалғасын табады, – дейді.
Иә, «Екі саусақ бірікті, ине қолға ілікті» демекші, Шекара қызметіне қарасты Департаменттердің тәрбиешілері мен құзырлы органдардың біріккен жағымсыз әрекеттердің алдын алуға арналған шаралары қандай күнде де нәтижелі болмақ.
Манарбек ҚАРЕКЕНОВ,
ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша Департаменті
Суреттерді түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31