Шайбалы хоккейден ашық облыстық турнир өтті
Қарасу ауылында аудан әкімінің жүлдесі үшін шайбалы хоккейден ашық облыстық турнир өтті. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа жергілікті екі команда, Қостанай қаласы және Ақмола облысының көрші Есіл қаласының командалары қатысты.
Тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша қостанайлық «Қайрат» командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Есіл қаласы еншілесе, үшінші орын ауданымыздың «СССР» командасына бұйырды.
Турнир соңында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Балжақаев жеңімпаз және жүлдегер командаларға арнайы медаль, грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.
– Қарасуда былтыр ғана бой көтерген жабық хоккей кортында мұндай облыстық деңгейдегі турнир алғаш рет өткізіліп отыр. Бәсекеге толы болған жарыста командалардың бір-бірімен тәжірибе алмасып, кәсіби шеберліктерін шыңдап, достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға мүмкіндік туды. Бұл спорттық шарамыздың басты мақсаты да осы, – дейді дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Саутпаев.
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31