«Көктемнiң әр күнi – жылға азық». Енді санаулы күндерден кейін егістік алқаптарында қайнаған еңбек жүріп, егін егу жұмыстары қарқын алады
Сенбiлiк жұмыстары жиелеп, қыс бойғы жиналған күл-қоқысты тазарту жұмыстары да басталатыны белгілі. Осындай қызу еңбекке толы кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, тілсіз жаудан сақ болуымыз керек.
Төтенше жағдайлар бөлімі мен полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейд жүргізді. Бірлескен топ Қарасу ауылының тұрғындары және «Қараман-К» ЖШС жұмыскерлеріне өрт қауіпсіздігінің ережелері мен алдын алу қағидаларын түсіндірді. «Егіс науқаны, ауыл шаруашылығы өрті кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау», «Қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау» және «Орман және дала аймақтарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау». Міне, осы тақырыптар аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша 19 адамға нұсқаулық және қазақ және орыс тілдерінде жазылған 57 дана үгіт-насихат жаднама таратылды.
Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді:
-ауылшаруашылық өрті басталғанға дейін жұмысшыларға нұсқау беру;
-ауылшаруашылық өрттері өткізілетін жерге патрульдік посттар, бір өрт цистернасы немесе құрал-жабдықтармен жабдықталған арнайы өрт сөндіру техникасы, соқасы бар бір трактор, өрт сөндіргіштер, күректер орнату;
-орманды алқаптар, орман кесінділері, егінқорғау жолақтары және көгалдандыру екпелері өрт шыққан аумақтан кем дегенде 8 метрге дейін жыртылады;
-ауылшаруашылық өрттері 3 толқыннан аспайтын жел күшімен жүзеге асырылады;
-ауылшаруашылық өрттің тез таралуын болдырмау үшін оны сөндіруді жел жақ беттен бастау.
Жаңабай АХМЕТОВ
Суреттерді ұсынған төтенше жағдайлар бөлімі
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Массовое мероприятие объединило животноводческие и растениеводческие хозяйства и рачительных хозяев, выращивающих на приусадебных участках и…
Қарасу ауданында жастар мемлекеттік қызметке көптеп келе бастады. (далее…)
Объект гражданской защиты в селе Карасу прошёл путь масштабной реновации в рамках реализации поручения президента…
Прошёл очередной молодёжный форум «Жас көшбасшылар – заңды қоғамға!». (далее…)
Через символы орнамента происходит знакомство с народными традициями и ценностями. (далее…)
This website uses cookies.