Отан алдындағы борышын әрбір азамат сезінуі керек
Тәуелсіз Қазақстанның атаулы төл мерекелері бар. Солардың бірі – Отан қорғаушылар күні. Осыдан жиырма сегіз жыл бұрын 7 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы жарлыққа кол қойды. Содан бері елімізде қыруар істер атқарылып жатқанын қазақстандықтар жақсы біледі.
Қазақстан Қарулы Күштерінің айбыны күн санап өскеніне куәміз. Қазақстандық сардарлар мен сарбаздар алдыңғы қатарлы мемлекеттердің әскерлерімен бірлескен оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп, тәжірибесін шыңдауда. Қазақстан әскерінің қатарында азаматтық борышын атқару әрбір жастың басты міндетіне айналды. Әскер қатарында болу жастарды отансүйгіштікке баулып, елі мен жеріне сүйіспеншілігін арттырып, өмірге бейімдейді.
Жастар елін қорғайтын әскери мамандықтың да бар екенін жақсы біледі. Жеткіншектерге мектептен бастап насихат жұмыстары жүргізілуде. Арнайы әскери мектептер мен лицейлер ашылып жатыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біздің Отанымыз біреу, ол – Қазақстан, еліміз біреу, ол – Қазақ елі. Бәріміздің қанымыз бір, болашағымыз бір. Отанды сақтау, Тәуелсіздігімізді көздің ағы мен қарасындай күзету – бәріміздің борышымыз» деген болатын. Осы айтылған сөз әрбір қазақстандықтардың жүрегіне отансүйгіштік сезімін ұялатып, Отан, Қазақстан, Тәуелсіздік, Болшақ, Бейбітшілік деген сөздердің мағынасын терең түсінуге меңзейді.
Бүгінгі ұрпақ отансүйгіштікті, бейбіт өмірді, өз жері мен елін қорғауды алдыңғы буыннан үйрене алады. Оған мысал жетерлік. Атап айтатын болсақ, олар – қазақ елінің бостандығы үшін болған Анырақай шайқасы, фашизмның бұғауынан құтқарған Ұлы Отан соғысы.
Сұрапыл Ұлы Отан соғысында қазақстандық азаматтар қан майданда қару ұстаса, тылда әйелдер мен балалар зауыттар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылығында күндіз-түні аянбай еңбек еткенін жақсы білеміз. Соғысқа бір жарым миллиондай қазақстандық қатысып, олардың 60 мыңы батылдық пен батырлық көрсеткендері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды, 369 адам Кеңес Одағының батыры атағын алды. Кеудесіне екі мәрте батыр медальдарын таққан Талғат Бигелдинов пен Сергей Луганскийдің, қазақтың қос қарлығашы Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың аттарын аса құрметпен және мақтанышпен айта аламыз.
Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның құрамында соғысып, кейіннен оның командирі болған аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының ерліктері көптеген кітаптарға арқау болып, жастарды отансүйгіштік пен батырлыққа шыңдауға септігін тигізгенін көпшілік жақсы біледі.
Соғыс жылдары кәсіподақ органдары тылдағы қауырт істердің басы-қасында болып, оларды орындау үшін аянбай тер төкті. Мысалы, 1941-1942 жылдары Қазақстанға батыс аймақтардан көшірілген 110 кәсіпорынды жайғастыруға атсалысты. Соғыс жылдары Қазақстанда өнеркәсіптің барлық саласы дамып, жеңіс үшін жұмыс атқарды.
Бір мысал, тек қана жеңіл өнеркәсіпте еңбек еткен қыз-келіншектер мен балалар 350 дивизияға жаздық киім-кешек, 80 дивизияға шинель, 100 дивизияға аяқ киім, тонналаған азық-түліктер жөнелтті.
Қазақстандықтар екі жыл ішінде соғыс аймақтарынан көшіп келген 428,5 мың адамды, 1,6 мың жетім балаларды бауырына басты, бір үзім нанымен бөлісті. Еңбекшілер өз қаражаттарына ондаған танк коллонналарын, әуе эскадрилияларын жасақтады. Бұл соғыста жеңісті әскер мен халық тізе қоса отырып, ерлік көрсетіп, ерен еңбек арқасында бірге шыңдады.
Бүгінгі бейбіт өмірде соғысқа қатысқан әскерилер мен тылда еңбек еткендерге сый-құрмет көрсету – әрбір ұйым мен азаматтың борышы.
Сондықтан, Қарасу ауданындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда кәсіподақтың қатысуымен Отан қорғаушылар мен Жеңіс күндеріне арналған іс-шаралар атқарылуда.
Қазіргі таңдағы әрбір адамзаттың тілегі – бейбіт өмір. Сол бейбіт заманда адам баласы негізгі үш тағанды өзіне мақсат етіп қоюы абзал деп ойлаймын. Олар – зор денсаулық, берекелі отбасы мен адал еңбек. Қазақстанның тәуелсіздігі баянды болуы,
Мешіт Ғазизұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31