Қорым аумағы қоршалды
Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері өткенге зер салып, қастерлеп, арғы-бергі тарихымызды түгендеп келеміз. Бұл ұрпақ алдындағы парыз, елдіктің белгісі. Өйткені өткенсіз болашақ жоқ.
Тағылымы мол тарихы бар Қарасу ауданының сайын даласында орын тепкен Заря ауылында Саздыбай әулетінің бабаларының қорымы бар. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» дейді. Осы сөзді қаперінде ұстаған әулеттің үлкені Хайролла Жұмағалиев ақсақал ата-баба сүйегі жатқан қорымды қоршауды көптен бері ойлап жүрген болатын. Жақында ақсақалдың мұрындық болуымен оның көкейде жүрген ойы жүзеге асты. Нақтырақ айтқанда, имандылықтың үлгісін көрсетіп, Саздыбай әулетінің ұрпақтары ескі қорымның аумағын қоршады. Қорымды қоршау жұмыстарының басы-қасында жүріп, сауабы мол істі ұйымдастырған Нұрлыбек Тұрмұханбетов.
Қорым қоршалып болған күні Саздыбай әулетінің ұрпақтары жиналып, ас беріп, құран бағыштады.
– Игілікті істің куәсі болдық. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді. Осылайша «Бір жағдан бас, бір жеңнен қол» шығара білген Саздыбай әулетінің ұрпақтары ортақ мүддеге жұмылып, көпке үлгі боларлықтай істі атқара білді, – дейді «Қарамырза» мешітінің имамы Серік қажы Салих.
Шыр етіп дүние есігін ашып, кіндік қанымыз тамған өлкеміздегі тарихи ескерткіштердің, көне жәдігерлердің, жер-су атауларының тарихын білу бүгінгі ұрпақтың парызы.
Жаңабай АХМЕТОВ
Суретті ұсынған «Қарамырза» мешітінің имамы Серік қажы Салих
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31