Октябрь орта мектебіндегі оқушылардың қолынан шыққан туындылар көз қызықтарады
Еліміз тағы бір жылды артқа тастап, жаңа 2020 тышқан жылын қарасы алуға санаулы уақыттар қалды. Осынау айтулы мерекеге Қарасу ауданына қарасты елді мекендерде қызу дайындық жүріп жатыр.
Солардың қатарында Октябрь ауылыда бар. Аталмыш ауылдағы Октябрь орта мектебінің 5-11 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге дәстүр бойынша білім ордасының ауласын қардан жасалған мүсіндер орнатты.
Жас балғындардың қолынан шыққан мүсіндер көздің жауын алады. Жолы түсіп бір сәт бұл жерге атбасын тірген адам ертегілер әлеміне саяхат жасағандай әсер қалдырады.
Осы орайда жоғарыда аталған мектептің директоры Лариса Сергеева жолығып тілдесудің сәтті туған болатын.
«Біздің мектептің шәкірттері үшін Жаңа жыл ерекше мерекелердің бірі. Сондықтан, жылдағы дәстүр бойынша биылда оқушылар мереке қарсаңында ауыланы безендіріп отыр. Бұл жерде 10 астам мүсіндер бар. Жаңа жылдың басты кейіпкерлері аяз атаны 11 сынып, ақшақарды 10 сынып, ал, келе жатқан тышқан жылын 9 сынып оқушылары орнатты. Қалған мүсіндер өзге сыныптардың оқушыларының қиялынан туған туындылар. Ерекше бір тоқтала кетер жайт 25 желтоқсаннан бастап метепте жаңа жылдық ертеңгіліктер басталды. Осында қонақ болып келген ата-аналар балаларымен бірге суретке түсуде.», – дейді білім ордасының басшысы Лариса Васильевна.
Расында, жаңа жыл балаларды қойып, үлкендер үшінде таңғажайп кез болып саналады. Өйткені, келер жылдан үміт күтіп, биік мақсаттар қояды.
«Біз үшін жаңа жыл ерекше мереке. Сондықтан, мектеп ауыласын безендіруге баршамыз бір адамдай жұмылдық. Біздің сынып ақшақар мүсінін онатты. Сыныптастарым баршасы осынау ортақ іске аса жауапкершілікпен қарады», – дейді 10 сынып оқушысы Мәдина Нұрғалиева.
Мешіт Ғазизұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31