Октябрь ауылының жас дарындары биік белестерді бағындыруда
Осынау қос қуанышты сүйеншілеген жаңалық Октябрь ауылынан жетіп отыр. Атап айтар болсақ, шалғайда жатып биік белестерді бағындыратын қарасулық жастардың қадамы көңіл қуантарлық.
Солардың жарқын дәлелі ретінде, жақында Нұр Сұлтан қаласында II халықаралық «Шығыстың жаңа жылдық ырғағы» атты өнер фестивалі өткен болатын. Аталмыш жас таланаттардың байқауы Германия мен Қазақстанның жобасы екенін ескерсек, қатысушылар арасында да бәсеке мықты болғаны жасырын емес.
Биыл осынау байқауға Қарасу балалар өнер мектебінің Октябрь филиалының оқушылары Панкина Анастасия Фортепиано номинациясында жеке орындау бойынша қатысып 1-орынға ие болса, осы номинацияда Диана Сұлтан дуэтпен орындау бойынша 1-орынға, Александр Ларина 2-орынды қанжығасына байлады.
«Бұл байқау біздер үшін үлкен тәжірибе болды. Шәкірттерім алғаш рет қатысып жатсада үмітімді ақтады. Жүлдері орындарға ие болдық. Әрине бұл жетістік бізге оңайлықпен келген жоқ. Бәскелестік өте жоғары болды. Қазіргі таңда шәкіртерім Ресейде өтетін байқауға қызу дайындық үсінде»,- дейді жас өрендердің ұстазы Венера Шеремет.
Бұл жас дарындардың биылғы жылға алып отырған жалғыз жүлделері емес екен. Аталмыш фестиваль аяқтала салысымен жас музиканттар Қарағанды қаласында өткен республикалық «Жарқын жұлдыз» балалар байқауына қатыссып, үздік нәтиже көрсетіп отыр.
Атап айтар болсақ, Диана Сұлтан мен Александра Ларина 3-орын, ал Анастасия Панкина бас жүлдені иеленіп, “Diamond Stars”статуэткасымен марапатталды.
«Байқаудың негізгі жүлдесін иеленгенімді білгенде қатты қуандым. Өзім үшін де, Қостанай облысы үшін де. Өйткені, ол жалғыз менің емес, өңіріміздің жеңісі! Маған сенім артып, оқытып, көп нәрсені үйретіп жүрген ұстазым – Венера Вячеславовнаға айтар алғысым шексіз», – дейді жас дарын Анастасия Панкина.
Балғынның алдағы үлкен жоспары – ағымдағы жылы тағы бір халықаралық байқауда бақ сынау. Сондай-ақ, сонда осы жетістігін қайталау болып отыр.
Әрине , «Талпынған жетер мұратқа»-дегендей өздері қаршадай болсада бойларына таудай талантты сіңірген жастарға қарап тұрып еріксіз риза болсасың. Олардың өзін-өзі ұстауы, сахна мәдениеті мен әлемдік шығармаларды естір құлақтың құрышын қандырып отырдағанда шексіз риза боласың.
«Ұстаз үшін шәкіртінің биіктен көргендігінің өзі бір бақыт қой. Жалпы қай сайыс болмасын менің шәкіртерім ешқашан жерге қаратып көрген жоқ. Қазіргі таңда нағыз талант үшін қалада тұрдың не, ауылда тұрдың не барлығы бірдей. Жағдай жасалса әрине. Біз аудан орталығынан алыс жатсақта мұнда барлық мүмкіндік бар. Соныңда арқасы болар оқушыларымның байқауларда қатарларынан қара үзіп алға шығатыны. Алда көптеген жоспарлар бар оны уақытында көре жатарсыздар», деді сөз соңында дарынды шәкірттер тәрбиелеп отырған ұстаз Венера Вячеславовна.
Бізде биік мақсаттар мен таудай талантты арқалағын жалынды жас өрендерге сәттілік тілеп аттандық.
Мешіт Ғазизұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31