Облыс әкімі Қарасу ауданындағы су тасқынына қарысы жұмыстардың барысымен танысты
Көктем щығысымен қарасулықтарды қатты алаңдататын тағы бір мәселе тасқын су екені жасырын емес. Осыны ескерген жергілікті атқарушы билік биыл су тасқынына дайындық жұмыстарды қаңтар айынан бастап кеткен болатын. Оған себеб биылғы жылғы қардың мол түсуі енді. Тіптен, ақпан айындағы соңғы ауған қардың молдығына байланысты ауданда төтенше жағдай енгізіліп, елді мекендердегі қар тазалау жұмыстары осы уақытқадейін күндіз- түні тоқтаған жоқ.
21 наурызда Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қарасу ауданындағы су тасқының алдын алу шаралармен танысты. Өңір басшысына су тасқыны бойынша есеп берген аудан әкімінің айтуына қарағанда, үлкен өзендердің арнасынан асып, жұршылыққа қауіп төніретіндей ықтималдығы аз. Сондықтан, аудан тұрғындарына алаңдауға еш негіз жоқ.
Облыс әкімінің Қарасу ауданында алғашқы аялдаған жері Зеленовка ауылының жанындағы автокөлік көпірі болды. Онда көмір қиып өтетін өзенде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Ол көктемде су тасқыны бола қалғанжағдайда мұз кептелісін болдырмау мақсатында істеліп жатқан жұмыстардың маңызды саласы.
«Жарылыс жұмыстарын жүргізген мердігер бұл жерде 70 жарылыс жұмыстарын жүргізді. . Сонымен қатар, көпірді бойлай орналасқан инженерлік желілердің екі су өткізгіші тазалады, осылайша еріген сулар далалы алқаптарға еркін ағып кетуі мүмкіндік береді», – дейді аудан әкімі Виктор Ионенко.
Сондай-ақ, Қарасу ауылында қар шығару жұмыстары қарқынды жалғасуда. Осы уақытқа дейін 59 000 текше метр қар ауыл аумағынан тысқары шығарылды. Сонымен қатар, 400 текше метрден астам еріген су сорылды, оның ішінде жеке аулалардан да су сорылды. Ауыл арасынан тасымалданған қар полигонға жіберіледі, онда ол еріп далаға сіңіп кетеді.
«Сондай-ақ , ауылдағы тұрғын үйлердің аулаларын су басудың алдын алу үшін ауыл ішіндегі жолдардағы суларды сору жұмыстары үздіксіз қатар жүріп жатыр. Егер қарасулықтардың үйінің маңында суды жедел және тегін тазарту қажет болса, онда 21-2-34, 21-3-64 телефонына хабарласыңыз», – дейді Қарасу ауылының әкімі Сергей Мағзумов.
Қазіргі таңда Қарасу ауданында топырақтың қату тереңдігі 25 см, 2019 жылы ол 90 см құрады.
«Көктем туса аудан тұрғындары әлі күнге дейін 2017 жылдың көктеміндегі өзендердің үлкен тасқынын еске алады. Соның салдарынан Жамбыл ауылы айталықтай зардап шекті. Апаттың салдарын жоюда қорытынды жасалды. Бүгінде бұл ауыл жер қыртысының қоршауымен қоршалған. Енді қауіп жоқ», – деді аудан әкімі.
Сапар соңында аймақ басшысы Қарасу ауданында пандемияға қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралармен танысты. Сондай-ақ Қарасу аудандарының әкіміне өңірлердің су тасқыны жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізуді тапсырды.
Мешіт Ғазизұлы
Суртті түсірген Бердіболат Көрскембев және Қарасу ауылдық әімдігі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31