
Оқушылар кітапханаға саяхат жасады
Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінің 1-сынып оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық балалар кітапханасына саяхат жасады.
Сынып жетекшісі Назгүл Сүйіндікова бастаған саяхатшы топ алдымен кітапхана ішін емін-еркін аралап, тамашалап шықты. Одан кейін жас оқырмандар кітапхананың қоғам өміріндегі маңызы мен атқаратын негізгі міндеттері туралы қызықты мағлұматтармен танысты.
Кітапханашы Сәния Адырбаева оқушыларға кітапханадағы кітап қоры, жаңадан түскен кітаптар және өздерінің күнделікті жұмыстары туралы қысқаша мәлімет беріп өтті.
Оқушылар саяхаттан ерекше әсер алып, соңында естелік суретке түсіп тарқасты.
– Өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруда мұндай саяхаттың мыңызы зор, – дейді Назгүл Сүйіндікова.
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31