Оқушылар қашықтан білім алуда
Коронавирус – бүкіл әлемдік мәселеге айналған қауіпті дерт. Осы індетпен күресу мақсатында наурыздың 16-сынан сәуірдің 15-не дейін елімізде төтенше жағдай енгізіліп, кейін ол ұзартылған болатын.
6 сәуірден бастап төртінші тоқсан басталды. Елімізде коронавирустың салдарынан төтенше тәртіп енгізілуіне байланысты оқушылар қашықтан оқуға көшті.
Бастапқыда 80 адамға дейінгі оқушылары бар шалғай ауыл мектептері санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде оқыған болатын. Алайда, төтенше жағдай режимінің күшейтілуіне байланысты қашықтан оқытуға ауыстырылды.
– Мен Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінің 8-сынып оқушысымын. Елдегі төтенше жағдайға байланысты оқуды қашықтан оқып жатырмыз. Әрине, бұл бізге тың әдіс. Десек те, қашықтан оқуды тез меңгеріп алдым. Аса бір қиындық туғызған жоқ. Мұғалімдеріміз бәрін жан-жақты түсіндіріп, үйретті. Бәрі де өзімізге байланысты, сабаққа жауапкершілікпен қарап, берілген тапсырмаларды ынтамен орындау керек, – дейді 8-сынып оқушысы Аслан Жұмаділов.
Жаңабай АХМЕТОВ
Сурет автордікі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31