Қарасу орта мектебінде Мәуліт мерекесіне орай тоғызқұмалақтан оқушылар арасында турнир болып өтті
Жарыстың басты мақсаты – тоғызқұмалақ ойынын кеңінен насихаттау, қатысушылардың шеберліктерін шыңдау.
Турнирдің барысында аудандық мешіттің бас имамы Халық қажы Қабиұлы және аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақтан бапкері Мәулен Раймбеков құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тоғызқұмалақ тақтасындағы тартыс қызықты өтті. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлініп, өзара бақ сынады.
Жарыс қорытындысына келер болсақ, жасөспірім ұлдар арасында Александр Анисимов жеңімпаз атанса, екінші орынға Бахтияр Маймақов, үшінші орынға Данил Курунц табан тіреді. Кіші топтағы қыздар арасында бірінші орынды Ангелина Степкина жеңіп алса, екінші орынды Олесия Сакаева, үшінші орынды Дарина Көшербаева иеленді. Үлкен топтағы қыздар арасында Елина Яна жеңіске жетсе, Зара Тлегенова мен Виктория Игнатюк екінші-үшінші орынға тұрақтады.
Турнирге Қарасу аудандық мешіті демеушілік жасап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
– Мәуліт мерекесіне орай тоғызқұмалақтан жарыс өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналған спорттық шаралардың бірі. Осы жарысты өткізуге қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жүрген аудандық мешіттің бас имамы Халық қажы Қабиұлына алғысымыз шексіз, – дейді Мәулен Раймбеков.
Жаңабай АХМЕТОВ
За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…
Завершился первый этап республиканской олимпиады по финансовой грамотности. (далее…)
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Массовое мероприятие объединило животноводческие и растениеводческие хозяйства и рачительных хозяев, выращивающих на приусадебных участках и…
Қарасу ауданында жастар мемлекеттік қызметке көптеп келе бастады. (далее…)
Объект гражданской защиты в селе Карасу прошёл путь масштабной реновации в рамках реализации поручения президента…
This website uses cookies.