«Ел іші – өнер кеніші» дейді дана халқымыз.
Бүгінде ауданымызда сахнаға сән беріп, өнерсүйер қауымның көңілінен шығып жүрген өнер ұжымдары және жекелеген әншілер де аз емес.
Восток ауылдық мәдениет үйінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл және Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толуына орай «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты ХXXIV аудандық халық шығармашылығы фестивалі аясында өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнер концерті өтті.
Восток ауылдық мәдениет үйінің мамандары Сағит Несіпбаев және Зауре Едігенованың ұйымдастыруымен өткен концертке өнер ұжымдары және жекелеген өнерпаздар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Шараның басты мақсаты – қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру.
Өнерпаздардың өнерін бағалау үшін «Достық» аудандық мәдениет үйінің мамандары Бауыржан Тасболатов және Светлана Зырянова қазылық етті. Қазылар алқасы өнерпаздардың әнді айту шеберлігіне, дауыс мәнеріне, сонымен қатар, сыртқы келбеті мен сахна мәдениетіне де баса назар аударды.
Концерт сұм соғыстан сыр шертетін сахналық қойылыммен басталды. Одан кейін А. Анипер «Темная ночь» әнін орындап, көрерменді әсем әннің құшағына бөледі. Р. Елемесова «Зинка» өленің көпшілікке оқып берді. Сонымен қатар А. Тимошенко, «Балапан» бүлдіршіндер би тобы, мектеп оқушыларынан құралған бишілер тобы және Қараман орта мектебінің ұжымы өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді баурап алды.
Жалпы концерттік кеш көпшіліктің көңілінен шықты. Көрермендер сахнаға көтерілген әрбір өнерпазды жылы қабылдап, қошемет көрсетіп жатты.
Осылайша, өнерпаздардың басын қосқан бұл концерт көптің көңілінен шықты. Концерт көтеріңкі көңіл-күймен, қуанышты шаттықпен, ақ ниетті тілектермен аяқталды.
Айта кетерлігі, мәдениет үйінің дәл ізінде Ұлы Отан соғысы туралы көрме ұйымдастырылды. Онда оқушылардың қолдан жасаған қолөнер бұйымдары, қылқалам шеберлерінің өнер туындылары және қолдан жасалған заттар қойылды. Бұл өз кезегінде оқушылар арасында колөнер бұйымдарын жасауға деген қызығушылықтары мен өздігінен еңбек етуге ынтасын арттырады.
Жаңабай АХМЕТОВ
Суреттер автордікі
За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…
Завершился первый этап республиканской олимпиады по финансовой грамотности. (далее…)
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Массовое мероприятие объединило животноводческие и растениеводческие хозяйства и рачительных хозяев, выращивающих на приусадебных участках и…
Қарасу ауданында жастар мемлекеттік қызметке көптеп келе бастады. (далее…)
Объект гражданской защиты в селе Карасу прошёл путь масштабной реновации в рамках реализации поручения президента…
This website uses cookies.